&ЫС&аша тарихы едсіз аралға өзіммөн бірге ала кететін


аралда адамдар пайда болтан кеэде жоғалып кетті



Pdf көрінісі
бет74/482
Дата02.12.2023
өлшемі18,68 Mb.
#194744
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   482
Байланысты:
«Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы»

аралда адамдар пайда болтан кеэде жоғалып кетті.
Австралияның ірі жануарларының қырылуы епден ерек жағдай бол­
са, адамды қорғаштап сөз айта алар едік. Алайда Жер шарының бүкіл
тарихы Homo sapiens-ті экологиялық қауымдастықты қынадай қырушы
ретінде әшкерелеп отыр; Австралия апатына біздің ажал құштырғыш
түрдің еш қатысы жоқ дегенге енді сене аламыз ба?
Австралияны қоныстанушыларда тас ғасырының технологиясы
болды. Олар экологиялық апат туындатудың амалын қалай тапты? Мұ-
ның бір-бірінің жымын білдірмөй толықтыратын үш түсіндірмесі бар.
Ең алдымен, осы апаттың құрбандығына айналған ірі жануарлар
баяу көбейеді. Буаздығы бірнеше айға созылып, аз төл туады, ұзақ уа-
қыт күйлемейді. Соған сәйкес, адамдар бірнеше айда бір дипротодон
өлтіргеннің өзінде, популяцияның өлім-жітімі туу көрсеткішінен асып
кетуі жетіп жатыр. Осылайша, бірнеше мыңжылдықтан кейін соңғы
дипротодон жападан-жалғыз тұяқ серіпті де, сонымен түрі қүрып бітті4.
Зады, өзінің таудай тұрқына қарамастан, дипротодондар және
Австралияның басқа да алыптары оңай олжаға айналса керек. Өйткені
екі аяқты аңшылар оларға күтпеген жерден бас салған. Азия мен Аф-
6 6


К О ГН И Т И В Т І РЕВО ЛЮ ЦИЯ
рикада адамдардың өр алуан түрлері өмір сүріп, 2 миллион жыл бойы
біртіндеп эволюцияланды. Олар дағдыларын біртіндеп жетілдіріп ша-
мамен 400 мың жыл бүрын ғана ірі жануарларға шабуылдауға батыл-
дары жетті. Homo sapiens Азия мен Африканың басты жыртқыштары-
на айналған уақытқа дейін ірі аңдар да екі аяқтылардан аулақ жүру
керегін біліп қалды. Ал Австралияның алыптары мүны үйреніп үлгере
алмады, қашып құтылу керегін олар түсінбеді. Адамдар оларға қауіпті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   482




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет