Қысқаша түйіндеме



бет4/5
Дата28.05.2017
өлшемі1,77 Mb.
1   2   3   4   5

Дереккөз: Назарбаев Университеті
2015 жылы университеттің алғашқы бакалаврлары түлек етілді (380 адам). 142 магистр түлек болды. НУ ұсынған деректер бойынша түлектердің 2/3 бөлігі Массачусетс технологиялар институтында, Стэнфорд университетінде, Лондонның Университеттік колледжінде, Дьюк Университетінде, Сингапурдың Ұлттық университетінде, Беркли Калифорния университетінде, Колумбия университетінде, Лондонның экономика және саяси ғылымдардың мектебінде оқуын жалғастырды.
Өз кезегінде НУ түлектерінң 42% шетелдік ЖОО гранттары бойынша білім алады.

НУ түлектері мансаптары бастамасының старттық алаңы білім және ғылым, консалтинг және аудит, мұнай мен газ, ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, маркетинг және т.б. салалар болды.


Жұмысқа орналасу

ЖОО түлектерінің 2/3 бөлігі білім, техникалық ғылымдар және технологиялар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларының жас мамандары болды. ЖОО түлектерінің салыстырмалы


аз үлесі ветеринария (0,8%), ауылшаруашылық (1,6%) және өнер (1,6%) мамандықтарына тиесілі болды (2.4.22 - сурет).

2.4.22 - сурет. ЖОО түлектерінің дайындық бағыттары бойынша үлестірілуі, адам, 2015 жыл




Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
ЖОО түлектеріне деген сұраныс ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасын дәлелдейді. Қазақстан ЖОО түлектерінің жұмысқа орналасуының дараланған мониторингі ҚР БҒМ «ЖБББЖ» АЖ және
ҚР ДСӘҚМ мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының (МЗТО) жүйесі арқылы жасалады (ЗТМО)24.


2015 жылғы ЖОО түлектерінің ЗТМО деректерімен дәлелденген жұмысқа орналасудың көрсеткіші 71,4% құрады (2014ж. - 69,8%). Білім беру гранттары иегерлерінің жұмысқа орналасу үлесі 82,2% құрады
(2014ж. - 84%).


2015 жылы түлектердің оқуды аяқтағаннан кейін бірінші жылы жұмысқа орналасуының көшбасшысы ҚБТУ (98,7%) болды. Сонымен қатар ҚазМЗУ (88%), С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ (88%),
М.Өтемісов атындағы БҚМУ (87%) және ҚОХУ (87%) университеттерінің түлектері де сұранысқа ие.

Оқуды аяқтағаннан кейін жұмысқа орналасқан ЖОО түлектерінің неғұрлым төмен көрсеткішін ХГТУ (44,5%), Шетел тілдері және іскерлік мансап университеті (43%), «Астана» университеті (42%), «Нұр-Мүбәрәк» Египет ислам мәдениетінің университеті (41%) және С.Торайғыров атындағы ПМУ (31%) көрсетті.


2-КІРІСТІРМЕ.

___________________________________________________________________________
Халықаралық рейтинг: ЖОО түлектерін жұмыспен қамту
The Global Employability University Ranking25-2015 рейтингісінде америкалық ЖОО басым. 10 алғашқы орындарының 7 соларға тиесілі. Ұлыбритания және АҚШ-тан кейін рейтингте Францияның ЖОО ұсынылған.
АҚШ және Ұлыбританиямен қатар үздік ондыққа Торонто Университеті (Канада) жатады.

QS Graduate Employability Rankings26 топ-ЖОО-ға АҚШ (6), Ұлыбритания (2), Қытай (1) және Франция (1) кірді.

The Global Employability University Ranking және QS Graduate Employability Rankings екі халықаралық рейтингтің бағалаудың негізгі критерийлеріне түлектердің жалпы санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі кірмейді.



ЖОО-лар түлектерге жұмысқа орналасуға қолдау көрсету инфрақұрылымы бағаланады:

  • Жұмысшылар арасында ЖОО беделі;

  • ЖОО-ның жұмыс берушілермен ынтымақтастығы;

  • Студенттер мен жұмыс берушілердің бірлескен жобалары;

  • Жұмыс беруші кеңсесінің университет базасында болуы.


«Дипломмен ауылға!», «Жастардың практикасы» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламалары ЖОО түлектерінің сәтті әлеуметтенуіне бағытталды. Бірмезгілді көтерме ақы (70 АЕК көлемінде), 15 жылдық мерзімге арналған бюджеттік несие және еңбекақыға қоса берілетін үстемеақы (25%) қаралған. ҚР ҰЭМ деректері бойынша бағдарламаның
5 жылда жүзеге асырылуы барысында 30 мыңнан астам жас маман таңдаған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндік алды
(2.4.23 - сурет).

2.4.23 - сурет. «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтылу салалары бойынша мамандар саны, адам, 2011-2015 жылдар


Дереккөз: ҚР ҰЭМ
«Жастар практикасы» бағдарламасы өзін-өзі көрсетуге және бұдан әрі жұмысқа орналасумен кәсіптік тәжірибе алуға мүмкіндік береді. Еңбекақы 6 ай бойы мемлекеттік бюджет есебінен төленеді (2015ж. - 18 АЕК немесе 35 676тг.). Жұмысберуші үшін бұл әлеуетті қызметкердің қабілетін анықтауға және оны ұйымның талаптарына бейімдеуге мүмкіндік береді. Бағдарламамен оқу орындарының шамамен 25 мың түлегі қамтылды27.

«Жастардың кадрлық резерві» жобасы жас әрі талантты қазақстандықтардан еліміздің басқару кадрларын анықтауға, іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталды. Жобаның 6 жылдық жүзеге асырылуы мерзімінде 300-ден астам адам кәсіптік деңгейін жоғарлатты28.

Экономиканың талаптарына, оқытудың практикалық бағыттылығына жауап беретін мамандарды даярлау мақсатында алғаш рет барлық мамандықтар бойынша екінші курс студенттерінің кәсіптік практикадан міндетті өтуі заңнамамен бекітілді29.



Түлек курстары студенттерінің оқу жетістіктерінің деңгейін ОЖСБ мониторингтік бағалауы анықтайды. Білім сапасын бағалаудың тәуелсіз рәсіміне 104 ЖОО күндізгі (46 631 адам) және сырттай (3 023 адам) оқу бөлімдерінің студенттері қатысты.

Бағалау 98 мамандық және дайындықтың 8 бағыты бойынша жүргізілді (білім беру, гуманитарлық ғылымдар, құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, жаратылыстану ғылымдары, техникалық ғылымдар және технологиялар, ауылшаруашылық ғылымдар).

ҚР бойынша орташа балдың төмендеуі тіркелді (2014ж. - 81 балл, 2015ж. мүмкін болатын 200 балдан - 79). Қазақ тілінде оқитын студенттердің тиімділігі 78 балды, орыс тілінде - 80,8 балды құрады. Орташа балл көрсеткішінен 17 балға жоғары нәтижені «күндізгі» бөлімнің студенттері көрсетті (80 баллов)30. Орташа есеппен студенттер сұрақтардың тек 40% ғана дұрыс жауап берді, бұл базалық пәндер бойынша академиялық білімнің төмен деңгейін дәлелдейді.


Материалдық-техникалық база

Білім, ғылым және өндірістің үштұғырлылық қағидатын жүзеге асыру еліміздің жоғарғы мектебінің инфрақұрылымдық оңтайландыру процесінің басталуына ықпал етті. Еңбек нарығының білікті кадрларды даярлауға қоятын жоғарғы талаптары ЖОО МТБ жетілдіруді көздейді.

Еліміздің 37 мемлекеттік ЖОО инновациялық құрылымы 541 ғылыми-зерттеу құрылымдық бөлімшелермен, 16 коммерциялау кеңсесімен және 7 бизнес-инкубатормен ұсынылған. Еліміздің 10 технопаркінің үшеуі ЖОО базаларында орналасқан (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ және Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ). Бұл жоғары технологияларды құру және инновациялық мәдениетті жетілдіруге, ЖОО, ғылыми-зерттеу институттары және бизнес-құрылымдар арасындағы білім мен технологиялардың ағымдарын басқаруға ықпал етеді (2.4.4 - кесте).

2.4.4 - кесте. ҚР ЖОО базасындағы бизнес-инкубаторлар туралы деректер



ЖОО атауы

бизнес-инкубатор ұсынатын қызметтер

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Жастар арасында кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту, университетте кәсіпкерлік бағыттағы ғылыми, инновациялық және білім беру процестерді жетілдіру, бизнес жобаларды әзірлеу және коммерциялауға студенттердің практикалық қатысуымен оқытуға жүйелі тренингтерді енгізу есебінен жас мамандарды даярлау сапасын жоғарылату

М.Өтемісов атындағы БҚМУ

Студенттік ұжымдардың ғылыми және шығармашылық жобаларын шынайы нарыққа шығару және түлектердің кәсіптік қызметте бәсекеге қабілеттілігін жетілдіру

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ

Студенттердің бизнес-бастамаларын кәсіпкерлермен дамыту

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ


Озық инновациялық бизнес-бастамаларды және ғылыми-зерттеу әзірлемелерге мониторинг жасау, инновациялық жобалық қызметке қабілеттерді танытатын талантты магистранттарды және докторанттарды анықтау

А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

Инновациялық жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету, әртүрлі бизнес салалары кәсіпқойларының кеңес беруі және тренинг өткізуі

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ

Жаңа кәсіпорындардың барлық деңгейлерде құрылуы (бастамадан олардың өнімін жүзеге асыруға дейін) және инкубацияға қолайлы (жылыжай) жағдай жасау арқылы шағын және орта бизнесті дамыту (инновациялық салада артығырақ)

«Мирас» университеті

Студенттік кәсіпкерлікті қолдау

Дереккөз: ЭЫДҰ жоғары білім саясатына шолу. 2015 жылғы қорытынды есебі.
Экономиканың маңызды салалары бойынша жоғары білікті мамандарды даярлау еліміздің жетекші университеттерінің жанында инженерлік бейінді және ашық типті 15 ұлттық ғылыми зертханаларының базасында жүзеге асырылады.

2013 жылдан бері ЖОО МТБ-сы зерттеу жобаларын («Отын-энергетикалық кешеннің мәселелерін зерттеу», «Энергетикалық мониторинг және сараптама», «Өнеркәсіптік экология», «Энергия», «Наноэлектроника», «Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері», «Ақпаратты және ақпараттық қауіпсіздікті криптографиялық қорғау құралдары» және т.б.) жүзеге асыруға арналған инновациялық зертханалармен жетілдірілді.



ЖОО оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді күшейтуге Республикалық ЖОО-аралық электронды кітапхана ұлттық білім беру ресурсының қызметі ықпал етеді31. Қазақстандық университеттерге Thomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) провайдерлерінің ресурстары арқылы әлемдік рейтингтік баспалар қолжетімді.

Еліміздің ЖОО кітапханалық қорын жабдықтау көрсеткішінің өсімі (+7%) тіркелді. Қазақстанның жоғары мектебінде кітаптардың 86,7 млн. астам данасы бар.

Басқа қалалардан келген студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету еліміздің жоғары мектебінің өзекті мәселесі болып қалып отыр. ЖОО білім алушыларының жалпы санының 44,6% басқа қаладан келген студенттер құрайды. Өз кезегінде олардың жалпы санынан студенттердің 49,6% жатақханаға мұқтаж болды. Жатақханаға мұқтаждардың жалпы санынан студенттердің тек 66,7% ғана орынмен қамтамасыз етілді.

Жатақханаға мұқтаж және жатақханада тұрмайтын студенттердің анағұрлым көп пайызы (36-дан 44%-ға дейін) Қарағанды облысы, Алматы және Астана қалаларының университеттерінде тіркелді (2.4.24 - сурет).
2.4.24 - сурет. Жатақханаға мұқтаж студенттердің үлесі, адам, 2015 жыл


Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
ЖОО қызметін тәуелсіз бағалау жүйесі

Қазақстанның Болон процесіне қатысуы еліміздің ЖОО ерікті негізде аккредитациядан өтуін көздейді. Бұл - ЖОО қызметінің бәсекеге қабілеттілігінің және ашықтығының және олардың халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциясының процесі.

2015 жылы 2017 жылдан бастап еліміздің ЖОО мемлекеттік аттестациядан қоғамдық-кәсіби аккредитацияға өту заңнамамен бекітілді32.



Қазақстанның ЖОО аккредитациядан өту процесіне жыл сайын анағұрлым белсенді тартылады. 2015 жылы ұлттық институционалдық аккредитациядан 72 ЖОО, соның ішінде БСҚТҚА-дан 46 ЖОО, АРТА-дан
26 ЖОО өтті (2014ж. - 66 ЖОО).

Ұлттық мамандандырылған аккредитацияға 55 ЖОО қатысты.
30 ЖОО халықаралық мамандандырылған аккредитациядан өтті
(2.4.5 - кесте).
2.4.5 - кесте. Аккредитациядан өткен ЖОО саны

Жылдар

Ұлттық институционалдық аккредитация

Мамандандырылған аккредитация

ұлттық

халықаралық

2014

66 (57,3%)

44 (38,2%),

321 мамандық



22 (19,1%),

139 мамандық



2015

72 (64,2%)

55 (49,1%)

343 мамандық



30 (26,7%)

252 мамандық




Дереккөз: ҚР БҒМ

Академиялық рейтингтер ЖОО қызметінің нәтижелілігінің тиімді құралдарының бірі болып табылады. БСҚТҚА статистикалық көрсеткіштерді талдау, сарапшылардың бағасы және жұмысберушілердің сауалнамасына негізделген Қазақстанның үздік ЖОО рейтингін жыл сайын жариялайды.

2015 жылғы Қазақстанның үздік ЖОО ұлттық рейтингісіне 11 бағыт және 138 білім беру бағдарламалары бойынша 57 ЖОО қатысты33.

2015 жылы көпбейінді ЖОО арасында Л.Н.Гумилёв атындағы ЕҰУ үздік деп танылды (2014ж. - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ). Техникалық мамандықтардың кадрларын даярлау бойынша ҚБТУ соңғы 6 жылда көшбасшы болып қалды. Гуманитарлық-экономикалық бағыттағы ЖОО көшін 2012 жылдан бері КИМЭП бастайды. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, ҚазҰӨУ сияқты 2014 жылғы позицияларын сақтады. Еліміздің педагогикалық кадрларын даярлау бойынша ҚазМҚПУ үздік деп танылды. 2015 жылғы рейтингке қатыспаған Абай атындағы ҚазҰПУ бұл салада 2012 жылдан бері бірінші болғанын атап өткен жөн (2.4.6 - кесте). Академиялық рейтингте мемлекеттік және ұлттық ЖОО саны басым екені тіркелді.
2.4.6 - кесте. ЖОО Ұлттық рейтингі-2015



Орын

Көпбейінді

Техникалық

Гуманитарлық-экономикалық

Медициналық

Педагогикалық

Өнер

1

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (+1)

ҚБТУ

КИМЭП Университеті

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

ҚазМҚПУ (+1)

ҚазҰӨУ

2

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ (-1)

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

ҚарММУ

ПМПИ (+1)

-

3

М. Әуезов атындағы ОҚМУ

ҚарМТУ (+1)

Сулейман Демирель атындағы университет

(2014ж. қатыспады)



Семей қаласының ММУ

ТМПИ (+2)

-

Дереккөз: НКАОКО
Қазақстанның ЖОО 2011 жылдан бері Quacquarelli Symonds нұсқасы бойынша QS World University Rankings халықаралық рейтингте жайғастырылды. 2015 жылы, 2014 жылы сияқты әлемнің үздік университеттерінің қатарына 9 қазақстандық ЖОО кірді (2.4.7 - кесте).
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ 2015 жылғы рейтингте өз позицияларын жақсартты.


2.4.7 - кесте. Қазақстанның ЖОО QS World University Rankings рейтингінде

ЖОО атауы

Рейтингтегі позициясы

2011

2012

2013

2014

2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

501-550

390

299

305

275 ↑

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

451-500

369

303

324

371 ↓

Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҰТЗУ




601+

701+

601-650

551-600 ↑

Абай атындағы ҚазҰПУ




601+

701+

651-700

601-650 ↑

ҚБТУ




551-600

651-700

651-700

701+ ↓

М.Әуезов атындағы ОҚМУ




601+

651-700

651-700

701+ ↓

Букетов атындағы ҚарМУ




601+

701+

701+

701+

Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ХТУ







701+

701+

701+

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ




601+

701+

701+

701+

Дереккөз: QS World University Rankings
БҒДМБ-да 2020 жылға қарай QS рейтингінің үздік университеттердің Топ-200 2 қазақстандық ЖОО-ның кіруі міндеті қойылды.

QS World University Rankings рейтингімен қатар Quacquarelli Symonds британдық кеңес беру компаниясы 2014 жылдан бері QS University Rankings: EECA (Eastern Europe and Central Asia) Шығыс Еуропа және Орталық Азияның өңірлік рейтингін жариялайды.



2014 жылмен салыстырғанда, 2015 жылы рейтингке қатысушы қазақстандық ЖОО саны 14-ке дейін өсті (2014ж. - 8 бірл.). Топ-150 көшбасшы үштікке Ресейдің (48 ЖОО немесе 32%), Түркияның (16 немесе 10,6%) және Қазақстанның (14 немесе 9,3%) университеттері кірді. Өз кезегінде 2014 жылмен салыстырғанда 7 қазақстандық ЖОО орындарын төменгі позицияға алмастырды (2.4.8 - кесте).

2.4.8 - кесте. Қазақстанның ЖОО QS University Rankings: EECA рейтингінде


ЖОО атауы

Рейтингтегі позиция

2014

2015

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

14

21↓

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

23

33↓

ҚБТУ

51-60

63 ↓

Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ

51-60

54

Абай атындағы ҚазҰПУ

61-70

74 ↓

Букетов атындағы ҚарМУ

71-80

100 ↓

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

71-80

81 ↓

Абылай Хан атындағы ҚазХҚ және ХТУ

81-90

101-110 ↓

ҚазҰАУ




67

ҚарМТУ




111-120

Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ




111-120

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ




131-140

АТУ




131-140

Х.А.Яссауи атындағы ХҚТУ




141-150

Каталог: storage
storage -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында
storage -> 1 апреля Международный день птиц Работа ученицы 11 «б» класса Устарбековой Аиды Руководитель Гайдарова С. М
storage -> Конкурс «Ақ жол» новых талантов
storage -> Отчет о проведении 1 Республиканского конкурса корейской эстрадной песни
storage -> 1 Целевой раздел
storage -> Петр ильич чайковский
storage -> Тема магнитные свойства вещества
storage -> На 2015 год Белово 2014 содержани е


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет