Қысқаша түйіндеме



бет5/5
Дата28.05.2017
өлшемі1,77 Mb.
#17064
1   2   3   4   5

Дереккөз: QS University Rankings: EECA
Webometrics халықаралық рейтингі 2004 жылдан бері жарияланады (қаңтар және шілде). Сайттың сілтемелік салмағы, индекстелген веб-парақшаларының саны, Интернет желісінде ұсынылған ғылыми жариялымдар, ЖОО ғалымдарының зерттеулері және олардың дәйексөзділігі бағалаудың негізгі критерийлері болып табылады.

2015 жылғы рейтингке (2016 жылғы қаңтарда жарияланды) қатысқан 100 қазақстандық ЖОО-дан жақсы позицияларды Әл-фараби атындағы ҚазҰУ (2 011-орын), Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ (2 253-орын) және Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ (2 721-орын) алды34. Рейтингте барлығы әлемнің 11 999 ЖОО бойынша деректер ұсынылды.

БАСТЫ НАЗАРДА



_______________________________________________________________________________________________


Профессорлар мен оқытушылар құрамы

Қазақстанның жоғарғы мектебі мұғалімдерінің кәсіпқойлығы «Үздік мұғалім» республикалық жылдық байқауы шеңберінде бағаланады.
2015 жылы еліміздің 61 университетінің 200 адамы осы беделді атаққа
ие болды.


2015 жылы жоғарғы мектептің профессорлар мен оқытушылар құрамы (ПОҚ) саны 2014 жылмен салыстырғанда 5,5% азайды (-2 233 адам) және 38 087 адамды құрады (қосымша, 2.4.5 - кесте). Қоса атқарып жұмыс істейтін ПОҚ 13% 2014 жылғы 6 050 2015 жылғы 5 250 адамға дейін қысқарды. ЖОО оңтайландыру процесі және білім алушылар контингентінің азаюы ПОҚ санының азаюының негізгі себептері болып табылады.

ЖОО ПОҚ дәрежелілік көрсеткішінің тұрақты және аз ғана өсуі тіркелді. Ғылыми дәрежесі бар ПОҚ үлесі 2011 жылғы 47,2% 2015 жылғы 50,4% дейін өсті. 5 жылда философия докторларының (PhD) саны, бейін бойынша докторлар санының бір уақытта 2 есе азаюымен қатар, 2,3 есе өсті. Ғылым докторлары және кандидаттарының саны айтарлықтай өзгерістерге ұшырамады (2.4.25 - сурет). 2015 жылы мемлекеттік ЖОО-мен салыстырғанда жеке меншік ЖОО-дағы дәрежелілік көрсеткіші 5,9% жоғары (2014ж. - 53,7%, 2015ж. - 47,8%).

2.4.25 - сурет. Ғылыми дәреже және дәрежелілік бойынша ПОҚ саны, адам




Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

Өңірлер тұрғысында ПОҚ дәрежесінің ең жоғары көрсеткіштері Астана (57,2%) және Алматы (52,5%) қалаларының, Алматы (56,7%) облысының ЖОО-да болды. Ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысында (35,9%) тіркелді.

Соңғы 5 жылда магистр академиялық дәрежесі және философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар оқытушылар үлесінің тұрақты өсуі байқалды. Осылайша, 2011 жылы магистр және философия докторы (PhD) оқытушылар жоғарғы мектептің ғылыми-педагогикалық кадрлардың жалпы санының 14,9% және 1,2% құраса, 2015 жылы көрсеткіш сәйкесінше 26,5% (10 108 адам) және 3,0% (1134 адама) дейін өсті. ПОҚ жалпы санынан магистрлардың және философия докторларының (PhD) ең жоғары көрсеткіштері Алматы (2 839 және 457 адам) және Астана (950 және
345 адам) қалаларында, Оңтүстік Қазақстан облысында (1 331 және
67 адам) тіркелді.


2015 жылы профессор және доцент ғылыми атағы бар ғылыми-педагогикалық кадрлардың үлесі 23,2% құрады, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 1,2% төмен болды.

Мамандықтың феминизациясы білім берудің барлық деңгейлеріне тән. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында орта есеппен оқытушылардың үштен екісі - әйел (жалпы санының 63%-ы).
Маңғыстау, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында ПОҚ-тың 70% астамын әйелдер құрайды. Қалған өңірлерде бұл көрсеткіш 56 және 67% аралығында. ЭЫДҰ елдерінде ЖОО ПОҚ-тың 42% әйелдер құрайды.


Ғылыми-педагогикалық кадрларда әйелдердің басым болуына қарамастан, ғылымдардың докторлары және профессорларының үлесі ерлер арасында басымырақ - олардың жалпы санының сәйкесінше
61,4% және 65,5% құрайды.


Жоғарғы мектеп ПОҚ жас ерекшеліктері 40-62 жастағы ғылыми-педагогикалық кадрлардың басым екенін көрсетеді. Жалпы алғанда,
40 жастан асқан ПОҚ үлесі жоғарғы мектеп мамандарының жалпы санының 58,9% құрайды. Дәрежесі бар ғылыми-педагогикалық кадрлардың
2/3 бөлігі де осы жас тобына тиесілі (2.4.26 - сурет).

2.4.26 - сурет. ПОҚ жас ерекшеліктері және дәрежелілігінің пайызы, адам



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
2015 жылы жоғары технологиялық кәсіпорындарда біліктілікті арттыру курстарынан және тағлымдамалардан 11 246 ПОҚ (8 546 ПОҚ кәсіпорындарда, ұйымдарда және ЖОО-да, 2 700 - «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-да және Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесінің орталығында (ҰДТО).

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектері әлемдік деңгейде танылды. 2015 жылы Thomson Reuters компаниясының Essential Science Indicators ақпараттық ресурсының деректері бойынша еліміздің профессорларының соңғы онжылдықтағы 14 жариялымы әлемдегі ең жоғары дәйексөз келтірілген мақалалардың 1% кірді.

Бұл - физикада (Р.Мырзақұлов, Э.Боос, Б.Жәутіков, Н.Покровский, А.Барақбаев), атом энергиясында (Б.Шектібаев, А.Садықов, А.Сәдуақасова), химияда (Ж.Бәкенов, А.Ермұхамбетова, И.Иргибаева, Д.Бірімжанова), биологияда (М. Есімбекова, А.Әбуғалиева, С.Әбуғалиева, Е.Тұрұспеков), өмір туралы ғылым саласында (Д.Әділбай, Д.Қайдаров) және тарих пен археологияда (В.Зайберта) ғылыми ізденістер.

Қазақстандық ғалымдардың халықаралық рейтингтік журналдарда жариялымдық белсенділігі тіркелді. 5 жылда импакт-факторлармен журналдардағы жариялымдардың үлесі екі есе өсті (2.4.9 - кесте).


2.4.9 - кесте. Импакт-фактормен ғылыми журналдардағы жариялымдар


Жыл

Оқытушылар саны, адам

Импакт-фактормен ғылыми журналдардағы жариялымдар, саны

Жариялымдардың үлесі, %

2011

40 531

894

2,2

2012

41 224

1405

3,4

2013

41 636

1874

4,5

2014

40 320

2784

6,9

2015

38 087

1995

5,2

Дереккөз: ҚР БҒМ
Импакт-фактормен ғылыми журналдағы жариялымдар үлесінің өсуін Ғылыми дәрежелерді тағайындау ережелерінде бекітілген талап қамтамасыз етті35. Философия докторы (PhD), бейін бойынша доктор ғылыми дәрежесін алуға талпынушы диссертация қорғау үшін ғылыми зерттеудің нәтижелерін нольдік импакт-фактормен шетелдік баспаларда (Thomson Reuters или Scopus) жариялау керек. ЖОО ПОҚ жариялымдық белсенділігін тежеп тұрған факторларының бірі ағылшын тілін білу деңгейінің төмендігі болып табылады.

2014 жылмен салыстырғанда 2015 жылы ПОҚ жариялымдық белсенділігінің 28% (789 бірл.) төмендеуі байқалды.



Сонымен қатар ПОҚ жоғары педагогикалық жүктемелілігін де (800 сағат/академиялық жыл) атап өткен жөн, бұл оқытушылардың ғылыми қызметіне айтарлықтай кедергі келтіреді. Еңбекақы мұғалім мамандығының тартымдылығына және білікті кадрларды салада ұстап қалуға тікелей әсер етеді. Бюджеттік салалар қызметкерлерінің еңбекақысын жоғарылату есебімен ЖОО ПОҚ еңбекақысы 112 197 теңгені құрады. ЭЫДҰ елдерінде ПОҚ жылдық еңбекақысы (үшіншілік білім беру) Латвиядағы 13 348 $ АҚШ пен Германиядағы 74 305 $ дейін36.
Еуропалық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялану
Еліміздің ЖОО-ның еуропалық ғылыми-білім беру кеңістігіне интеграциялануының оң үрдісі тіркелді.

ЖОО барлық білім беру бағдарламалары олардың қалыптастыру модульдік қағидатына сәйкес әзірленеді. Бұл оқытудың икемді траекториясын таңдауға ықпал етеді және білім алушыларға өзінің мансабын қалыптастыруға көмектеседі. ЖОО әзірлеген модульдік білім беру бағдарламаларының жалпы саны - 1 025. Солардың 691-і бакалавриат, 242 магистратура және 92 докторантура бағдарламаларының мамандықтары бойынша әзірленді.

2010 жылдан бері Қазақстан қатысушысы болып табылатын Болон процесінде ЖОО автономиясына баса назар аударылады. «Қазіргі заманғы әлемнің қажеттіліктеріне сәйкес серпіліс беру үшін университеттің зерттеу мен білім беру саласындағы қызметін жүзеге асыра отырып, кез келген саяси және экономикалық билікке қатысты моральдық және интеллектуалдық тәуелсіздігі болуы тиіс».37 Қазақстан ЖОО-ға білім беру бағдарламаларының мазмұнын анықтауда: бакалавриатта 55%-ға, магистратурада 70%-ға, докторантураға 90%-ға дейін академиялық еркіндік берілді.38

ҚР БҒМ деректері бойынша кредиттерді аударудың еуропалық жүйесінің типі бойынша (ECTS) қазақстандық кредиттерді қайта есептеу моделі Қазақстанның барлық ЖОО-ында енгізілді.



Қазақстан жоғарғы мектебінің халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялануының бір тәсілі екі дипломды білім беру. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Қ.И.Сәтпаев атындағы ҚазҒЗТУ, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, ҚазМҚПУ, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ тәрізді Қазақстанның ЖОО-лары әлем университеттерімен бірлесіп мамандарды даярлайды. Бұл - Сан-Франциско Университеті (АҚШ), Нью-Мексико Университеті (АҚШ), Лондон Менеджмент және Ғылым Академиясы (Ұлыбритания), Вайенштефан Германия Қолданбалы ғылымдар университеті, Ресейлік Елдер достастығы университеті, Мәскеу мемлекеттік құрылыс университеті, Ядролық зерттеулер институты (РФ), Мәскеу бизнестің халықаралық жоғары мектебі және т.б.

Халықаралық ынтымақтастыққа ерекше орын беріледі.
443 бірлескен, оның ішінде бакалавриат бойынша 275, магистратура бойынша 142 және докторантура бойынша 26 білім беру бағдарламалары жүзеге асырылады. 740 бакалавр және 169 магистр Еуропалық кеңестің (840), Шығыс Азияның (19) және АҚШ-тың (50) ЖОО-да кәсіптік даярлықтан өтті.


Академиялық ұтқырлық шеңберінде білім алушылардың жалпы санының 2/3 педагогикалық, техникалық және экономикалық мамандықтардың студенттері алды. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларына ауылшаруашылық (12 адам немесе 1,3%) және ветеринариялық (1 адам немесе 0,1%) мамандықтарының студенттері
аз тартылды (2.4.27 - сурет).

2.4.27 - сурет. Дайындық бағыттары бойынша шетелдік ЖОО-да білім алған студенттердің контингенті, адам, 2015 жыл



Дереккөз: БП және АҚО

Ғылыми кадрлардың оқыту, тәжірибе алмасу, тілдік дағдыларды дамытудың сапасын жоғарылатуға ЖОО ПОҚ академиялық ұтқырлық бағдарламалары да ықпал етеді. Соңғы 5 жылдың өзінде-ақ еліміздің


ЖОО-на 6 872 шетелдік ғалым шақырылды39 (2.4.28 - сурет).
2.4.28 - сурет. Тартылған шетелдік ғалымдардың саны, адам


Дереккөз: БП және АҰО
2015 жылы мемлкеттік бюджеттен 998,8 млн. теңге бөлінді, бұл
2014 жылмен салыстырғанда 3 есе аз (2.4.29 - сурет). Бұл қаржылық ресурстарды ИИДМБ-2 жобасының ЖОО кадрлық әлеуетін жетілдіруге бағытталуға байланысты.

2.4.29 - сурет. Тартылған шетел ғалымдарының саны, адам



2015 жылы – 547 ғалым


Дереккөз: БП және АҰО

Шақырылған ғалымдардың басым үлесі Ресей Федерациясының


(226 адам) және еуропалық мемлекеттердің (168 адам) серіктес-ЖОО-на тиесілі болды (2.4.30-сурет).
2.4.30-сурет. Келу елі бойынша шақырылған шетелдік ғалымдардың үлесі, %, 2015 жылы



Дереккөз: БП және АҰО
БАСТЫ НАЗАРДА

________________________________________________________________________________
Үш тілде оқыту

Қазақстанның әлемдік білім беру кеңістігіне кіруі елімізде үш тілде оқыту міндеттерін өзекті етті. 2007 жылдың өзінде-ақ Елбасы Н.А.Назарбаев «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыруды ұсынды. Жобаға сәйкес қазақ тілін мемлекеттік тіл, орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілін жаһандық экономикаға сәтті интеграцияланудың тілі ретінде дамыту қажет. «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді қолданылатын жоғары білімді мемлекет ретінде танылуы керек».

Жоғары білім беру жүйесінде үш тілде оқытуды жүзеге асырудың белгілі тәжірибесі бар. 2008 жылдан бері Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеХТУ осы бағыттағы жұмысты үйлестірудің базалық ЖОО ретінде анықталды. Қоғамның үштілдік кадрларға әлеуметтік тапсырысы 2011 жылы бакалавриат мамандықтарының ТОЖ-ларына «Кәсіптік қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби-бағдарланған шетел тілі» пәндерін енгізу қажеттілігін туындатты.
2012-2013 оқу жылынан бері 32 ЖОО-да ағылшын тіліне оқытатын арнайы бөлімшелер ашылды. 2015-2016 жылы ЖОО саны 42 дейін өсті. 18 006 студент үш тілде оқытылды (бакалавриатта 16 121, магистратурада 1 662, докторантурада 223 студент). Оның ішінде 4 749 адам немесе 26,3% - педагогикалық мамандықтар студенттері.

НУ, АҚХУ, ҚБТУ, КИМЭП Университеті, С.Демирель атындағы Университеті кадрларды ағылшын тілінде даярлайды.

Үш тілде оқыту бастамасы ҚР БҒМ 2015-2020 жылдарға арналған үштілді білімді дамытудың жол картасында көрініс тапты. Құжат білім берудің барлық деңгейлерінде оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартуға; бірыңғай білім беру ортасы контекстінде үш тілде оқытудың сабақтастығын қамтамасыз етуге; тиімді ғылыми зерттеулерді өткізуге, «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасын насихаттауға бағытталды.

Нормативтік құжатта кадрларды даярлауға және мұғалімдердің біліктілігін арттыруға басты назар аударылды.

ҚР БҒМ деректері бойынша, ЖОО-да ИИДБМ 6 мамандығы және
4 педагогикалық мамандық бойынша ағылшын тілді оқытуға өту шеңберінде мемлекеттік тапсырыс бойынша ағылшын тілде оқытуға педагогикалық мамандыққа 500 магистрант және 900 бакалавр, «Болашақ» бағдарламасы бойынша 500 мұғалім және ПОҚ жыл сайын қабылдау қаралды. 2020 жылға дейін тілдік курстарда жыл сайын 2,4 мың мұғалім мен оқытушылардың біліктілігін арттыру қаралды.

Білім, ғылым және өндірістің интеграциясы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауында еліміздің ЖОО-ның инновациялық қызметке өту механизмдерін әзірлеу міндеті белгіленді. Қазақстанның жоғары мектебіне еліміздің экономикасын дамытуда маңызды рөл берілді. Қазіргі таңда ЖОО әлеуеті тек ұсынылатын білім беру қызметтерінің сапасымен ғана анықталмайды. «Білім-ғылым-инновациялар» триадасын дамыту еңбек адамын қалыптастыруға мақсатталған шешуші фактор бола бастады.

2011 жылдан бері НУ ғылыми жобалары 350 халықаралық университеттермен және институттармен бірлесіп жүзеге асырылды. Бұл - Принстон университеті, Кембридж университеті, Оксфорд университеті, Гарвард университеті, Колумбия университеті, Токио университеті, Гонконг Университеті, Макс Планк институты, Сеулдің Ұлттық Университеті және басқалар.

2015 жылы НУ-дың National Laboratory of Astana (NLA) базасында ұлттық және халықаралық ұйымдар мен компаниялардың (Дүниежүзілік банк, Еуропалық комиссия, Британдық кеңес) қаржылық ресурстарын тартумен 100-ден астам ғылыми-зерттеу жобасы жүзеге асырылды. Өмір туралы ғылымдар орталығының және Жаңа материалдар туралы энергетика және ғылым орталығының қызметі басталды. Ғылыми-зерттеу қызметі қазақстандық ЖОО-ға таратылады.

2014 жылы жетекші зерттеу университетінің мәртебесі Қ.И.Сәтпаев атындағы «Қазақ ғылыми-зерттеу техникалық университеті» ҰАҚ берілді. Жетекші ғылыми орталықтармен және ЖОО-мен ынтымақтастық жасасу бойынша университеттің қызметі еуропалық кеңістікке тығыз интеграциясына ықпал етеді. Бұл техника және технологиялар саласында кадрларды даярлауды және ғылыми зерттеулерді халықаралық стандарттарға және ИИДМБ қажеттіліктеріне сәйкес жүргізуге мүмкіндік береді.

Халықаралық қайта құру және даму банкімен қарыз туралы Келісімшарт шеңберіндегі «Технологияларды коммерциялау» жобасының сәтті жүзеге асырылуы тіркелді (2008 жылдан 2015 жылға дейін). Ғалым мен зерттеушілерге ғылыми зерттеулер өткізуде және олардың әзірлемелерін коммерциялауда қолдау көрсетілді. Қолдау көрсетілген


65 жобаның 40-ы 900 млн. теңгеден артық жалпы соммаға дайын өнімді сату деңгейіне жетті.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университет базасында Материалдарды жүргізу халықаралық орталығын құру сәтті ғылыми жетістік болды. Орталық қызметі ғылыми салада қызмет көрсетуді дамытуға бағытталған зертханалық орталықтың заманауи моделі болып табылады.

2016 жылы Дүниежүзілік банктің қолдауымен «Өнімді инновацияларды ынталандыру» бағдарламасы іске қосылды. Жобаның бір кезеңі шеңберінде ИИДМБ ЖОО жанында және Назарбаев Университетінде технологияларды коммерциялаудың 5-6 тиімді кеңселерінің өзара байланысқан желісін құру жоспарланды.

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру шеңберінде «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижелерін коммерциялау туралы» Заңын қабылдау да коммерциялау жүйесін бұдан әрі дамытудың маңызды кезеңі болды (64-қадам). Ғылым мен бизнестің байланысын қолдау механизмдері заңнамалық деңгейде қаралды. Бұл - технологиялар лицензиясын сатып алушыларға жеңілдіктер ұсыну, технологияларды коммерциялау кеңселерінің қызметіне қаржыландыруды қамтамасыз ету және технологияларды коммерциялауға гранттың жаңа түрін енгізу.



«Технологияларды коммерциялау жөніндегі мамандар альянсы» қоғамдық бірлестігінің қызметі технологияларды коммерциялау кеңселері, ЖОО, технопарктер, бизнес инкубатор, технологиялық кәсіпорындарының қызметкерлеріне және басқа да мүдделі тараптарға құзыреттіліктерін жоғарылатуға қолдау көрсетуге бағытталды. Бірлестік кеңесінің құрамына еліміздің ірі ЖОО коммерциялау кеңселерінің өкілдері енген.

Еліміздің ЖОО-ның зерттеу қызметіне бағдарланғанына қарамастан, «ЖОО және бизнестің ынтымақтастығы» ЖБИ-2015 сауалнамалық көрсеткіш бойынша Қазақстанның позициялары әлі де тұрақты төмен (2014ж. - 88, 2015ж. - 88-орын)40. Бұл Қазақстанның ЖОО жүйесінің осы бағыттағы үлкен резервтерінің барын дәлелдейді.



1 ҚР ҰЭМ СК.

2 Global Flow of Tertiary. UNESCO, Institute for statistics.

3 Global Competitiveness Report 2015-2016жж.

4 «Білім туралы» ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі 319-III Заңы (2015 жылғы 13 қарашадағы өзгертулермен және толықтырулармен).

5 ҚР ҰЭМ СК.

6 Global Flow of Tertiary (UNESCO, Institute for statistics).

7 Global Competitiveness Report 2015-2016, 2014-2015.

8 Pandidakterion. http://www.worldlibrary.org/articles/pandidakterion.

9 Times higher education. https://www.timeshighereducation.com/features/what-will-universities-look-like-in-2030-future-perfect.

10 OECD Conference. Higher Education Futures. Singapore, 14-15 October 2015.

11 5 major trends in higher education’s use of social media.

12 www.bala-kkk.kz

13 Жоғары біліммен жалпы қамтудың коэффициенті – жасына қарамастан, техникалыө және кәсіптік білім беру ұйымдарында (БХЖС-5) және ЖОО-да (БХЖС-6-8) оқитын білім алушылар санының 18-22 жастағы халықтың жалпы санына қатынасы.

14 ҚР ҰЭМ СК.

15 Global Competitiveness Report 2015-2016ж.

16 Global Flow of Tertiary. UNESCO, Institute for statistics.

17 ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы №453 «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015 - 2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысы.

18 ҚР БҒМ 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 «"Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығы (26.05.2014ж. өзгертулер мен толықтырулармен).

19 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің типтік ережелері (19.12.2014ж. толықтырулармен).

20 ҚР ҰЭМ СК сайты.

21 Global Flow of Tertiary (UNESCO, Institute for statistics).

22 The Global Innovation Index.

23 IMD World Competitiveness Yearbook.

24 ҚР БҒМ 30.06.2015ж. №496 бұйрығы және ҚР ДСӘҚМ 24.06.2015 №621 бұйрығы.

25 The Global Employability University Ranking. https://www.timeshighereducation.com/carousels/global-employability-university-ranking-2015-results

26 QS Graduate Employability Rankings.

27 ҚР ДСӘҚМ деректері.

28 «Жастардың кадрлық резерві» ресми сайты.

29 ҚР «Білім туралы» Заңы (13.11.15ж. № 398-V толықтырулармен).

30 ҚР БҒМ БҒБСК деректері.

31 Республикалық ЖОО-аралық электрондық кітапхананың сайты.

32 ҚР 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III «Білім туралы» Заңы (09.04.2016ж. өзгертулер мен толықтырулармен).

33 БСБТҚА сайты. http://nkaoko.kz/rejting-vuzov/rejting-vuzov-kazakhstana-2015.

34 http://www.webometrics.info/en/Asia/kazakstan.

35 ҚР БҒМ 31.03.2011ж. № 127 «Ғылыми дәрежелерді тағайындау ережелері» бұйрығы.

36 Education at Glance 2015.

37 The Magna Charta Observator сайты.

38 ЭЫДҰ-ның жоғары білім беру саясатына шолуы. 2015 жылғы Қорытынды есеп.

39 ҚР БҒМ 2015 жылғы 8 мамырдағы №287 бұйрығы.

40 Global Competitiveness Report 2015-2016, 2014-2015.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ДАМУЫ ТУРАЛЫ



ҰЛТТЫҚ БАЯНДАМА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет