Қысқаша түйіндеме



бет2/5
Дата28.05.2017
өлшемі1,77 Mb.
#17064
1   2   3   4   5

Дереккөз: ҚР БҒМ
«Қазақмыс», «Казцинк», «АрселорМиттал Теміртау», «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК, «Минералды шикізатты кешенді қайта өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың сараптамалық пікірі және ұсыныстары жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұнында көрініс тапты.

Магистрлер ғылыми зерттеулерінің практикалық-бағдарланғандығы алған кәсіби дағдыларын бұдан әрі индустриалдық секторда жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұған базалық ЖОО-ның тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі ықпал етеді. Пәнаралық сипаты басым
22 жаңа зертхана құрылды. Бұл гранттық қаржыландырумен іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер және кәсіпорындардың практикалық тапсырыстарын ақылы негізде өткізуге мүмкіндік береді.

11 базалық ЖОО бірлестігі жетекші халықаралық инженерлік қауымдастықтарды тартты. Инженерлі білім беру саласындағы аккредиттеу жөніндегі еуропалық желісі (ENAEE), Инженерлі білім берудің еуропалық қауымдастығы (SEFI), Инженерлі білім берудің америкалық қауымдастығы (ASEE), халықаралық инженерлі білім беру қоғамы федерациясы (IFEES) қазақстандық ЖОО-ына инженерлік және жаратылыстану-ғылыми білім беру бағдарламаларының EUR-ACE белгісін тағайындаумен мамандандырылған аккредитациядан өтуден қолдау көрсетеді. Бұл еліміздің ЖОО-ды аккредиттелген инженерлік бағдарламалардың жалпыеуропалық тізбеде жайғастыруды қамтамасыз етеді. Түлектер EUR ING кәсіптік атақты алады.

Инженерлік педагогиканың халықаралық қоғамы (IGIP) ЖОО профессорлар мен оқытушылар құрамының (ПОҚ) кәсіптік дамуына мүмкіндік береді. ПОҚ-тың техника және технологиялар саласындағы курстық даярлығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ IGIP тренинг орталығының базасында өтеді. Курстарды аяқтағаннан кейін «Инженерлік ЖОО халықаралық оқытушысы» атағы беріледі.

Университеттер Қазақстанның 300-ден астам компанияларымен келісімшарттар жасасты, бұл ИИДМБ-2 жобалары бойынша мамандардың жұмысқа орналасуының сенімді перспективаларын анықтайды.

БАСТЫ НАЗАРДА



___________________________________________________________________________


Желі және контингент

2015 жылы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлардың даярлығын еліміздің 125 ЖОО жүзеге асырды. Қазақстанның жоғарғы мектеп желісіне 9 ұлттық, 31 мемлекеттік,


16 акционерлік, 54 жеке меншік, 13 азаматтық емес, 1 автономды ұйым және 1 халықаралық университет кірді.

Соңғы 5 жылда ЖОО желісі 146 - 125 бірлікке дейін қысқарды (қосымша, 2.4.1 - кесте). Көбінесе жекеменшік ЖОО (-19) оңтайландырылды. Бұл ЖОО білім алушылары санының төмендеуімен байланысты болды. Осылайша, 2011 жылмен салыстырғанда 2015 жылы білім алушылардың контингенті 24,6% төмендеді (2.4.3 - сурет).


2.4.3 - сурет. ЖОО желісі және білім алушылары контингентінің динамикасы


Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Осылайша, БХЖС-2011 сәйкес Қазақстанда типті жастағы
(18-22 жас) халықты үшіншілік біліммен жалпы қамту13 соңғы 5 жылда 53,1% - 48,4% дейін төмендеді14. Әлемнің бәсекеге ең қабілетті алты мемлекетінде үшіншілік біліммен жалпы қамту орта есеппен 72,2% (Швейцария-55,6%, Сингапур -82,7%, АҚШ-94,3%, Германия - 61,7%, Нидерланды - 77,3%, Жапония - 61,5%) құрады. Дегенмен, үшіншілік біліммен қамтудың жоғарғы көрсеткіштері ЖБИ-де көшбасшы позицияларын алудың кепілі болмады.
Грецияда бұл көрсеткіш 116,6% (ЖБИ-де 81-орын), Аргентинада 80,3% (106), Украинада 79% (79), Ресейде 76,1% (45) құрады15.

Бакалавриат контингентінің айтарлықтай азаюы Ақмола (-43,2%), Жамбыл (-42,8%), Шығыс Қазақстан (-41,5%) және Қарағанды (-38%) облыстарының ЖОО-да тіркелді (қосымша, 2.4.2 - кесте).



Контингенттің неғұрлым көп көрсеткіштері Алматы және Астана қалаларына тиесілі болды (2.4.4 - сурет). Бұл халық санының көптігімен және ішкі көші-қон үрдістерімен түсіндіріледі.
2.4.4 - сурет. ЖОО бакалавриатының желісі және контингенті, 2015 жыл



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Осылайша, ЖОО студенттік контингентінің азаюының тұрақты үрдісі байқалады. Өз кезегінде мемлекеттік және жекеменшік ЖОО білім алушылары санының арақатынасы соңғысының пайдасына қарай өзгерді. 2011 жылы мемлекеттік және жеке меншік ЖОО контингентіндегі айырмашылық 0,4% құраса, 2015 жылы ол 11,8% құрады (2.4.5 - сурет). Мемлекеттік ЖОО контингенті 5 жылда 100 мың студентке, ал жеке меншік ЖОО-да 75 мың адамға қысқарды.

2.4.5 - сурет. Бакалавриат студенттерінің меншік нысаны бойынша контингентінің динамикасы, адам




Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
2011 жылмен салыстырғанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде ақылы негізде білім алатын контингенттің 33% азаюы тіркелді (2.4.6 - сурет).
2.4.6 - сурет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді ақылы негізде және мемлекеттік тапсырыс есебінен білім алушылар контингентінің ара қатынасы, адам

Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Өз кезегінде ЮНЕСКО деректері бойынша шетелдік ЖОО білім алатын қазақстандық азаматтардың саны 2009 жылғы 36 мыңнан
2013 жылғы 49 мыңға дейін өсті16 (ҚХР ЖОО-дағы қазақстандықтар есепке алынбады, мемлекеттер, Қытай бойынша шетелдік студенттер туралы ақпарат ЮНЕСКО-ға берілмейді). Бұл деректер Қазақстанның төлемге қабілетті азаматтарының неғұрлым көп саны жылдан жылға шетелдік білім беруді таңдайтынын куәландырады.

Студенттердің жалпы санының 1/3 бөлігі жоғары білімді мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде алады. Салалық мемлекеттік органдардың кадрлар қажеттілігін жыл сайынғы мемлекеттік тапсырыс айқындайды. Бұл көрсеткіш 2015-2016 оқу жылдары 40 032 грантты құрады (оның ішінде «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» жобасы бойынша - 5 000)17. Гранттардың басым бөлігі жоғары білімді мамандарды даярлауға бағытталды (32 168 адам) (2.4.7 - сурет).


2.4.7 - сурет. Мемтапсырысты білім деңгейлері бойынша үлестіру,

2015 жылы





Дереккөз: ҚР БҒМ
2011 - 2014 жылдары кезеңінде студенттерге әлеуметтік қолдау көрсетудің оң үрдісі байқалғанымен (кәсіпорындар есебінен оқуақысы), 2015 жылы әлеуметтік серіктестер белсенділігінің төмендегені тіркелді (2.4.8 - сурет).

2.4.8 - сурет. Ақылы негіздегі студенттердің контингенті, адам




Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Қазақстанның ЖОО оқытудың әртүрлі нысандарын ұсынады. Күндізгі нысандағы контингент дәстүрлі түрде басым. 2010 жылдан бері сырттай нысанда оқу құқығы тек ЖОО және колледж түлектеріне ғана берілген18. Сонымен қатар, сырттай және күндізгі оқу нысандары контингентінің 4:1 ара қатынасы белгіленді19. Мұндай шектеу соңғы
5 жылда сырттай нысанда білім алушылар контингентінің 3 есе азаюына ықпал етті. Қазақстан ЖОО оқытудың сырттай нысанының форматын қайта қарастырып жатыр. Қашықтан оқыту технологиясы қолданылады.

Соңғы 5 жылда «кешкі» контингент 3,3 есе артты (2.4.9 - сурет, қосымша, 2.4.3 - кесте). Бұл жаңа кәсіби дағдыларды меңгеруге жастардың талпынысымен түсіндіріледі. Оқытудың осы түріндегі студенттердің


40% жас ерекшелігі 24-34 жас (қосымша, 2.4.4 - кесте).
2.4.9 - сурет. Бакалавриат контингентінің оқу нысаны бойынша динамикасы, адам


Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Контингенттің сапалық талдауы «Білім беру», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» және «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» бағыттары бойынша басым екенін көрсетті (2.4.10 - сурет).

Еңбек нарығының «экономисттерге» толы болуы халықтың осы мамандықты алуға сұранысының бірте-бірте азаюына әкелді. Экономикалық мамандықтар бойынша білім алушылардың саны


2011 жылмен салыстырғанда 2,2 есе азайды және олардың жалпы санынан 15,2% құрады.

2.4.10 - сурет. Дайындық бағыты бойынша студенттердің үлесі, %





Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

Жоғары білімнің қазақ тілі бөліміне түсушілер саны жыл сайын арта түсуде. Егер 2011 жылы қазақ және орыс бөлімдері контингенттерінің арасындағы айырмашылық 10% құраса, 2015 жылы 28,4% құрады.

Қазақ бөлімі студенттері контингентінің жалпы санынан басым бөлігі Алматы қаласында (25%), Оңтүстік Қазақстан облысында (22%) және Астана қаласында (9,3%) білім алады. Астаналық студенттер қазақ тілінде оқуды көбірек таңдайды, бұл Астананың үштіктегі позициясын қамтамасыз етті.

Шет тілдерінде білім алатын студенттер көрсеткішінің тұрақты өсуі тіркелуде (2.4.11 - сурет). 2015 жылы 13 932 студент ағылшын тілінде білім алды, ал 2011 жылы олардың саны 8 703 болды.
2.4.11 - сурет. Оқыту тілі бойынша білім алушылардың үлесі, %



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Қазақстанның ЖОО шетелдік студенттер үшін тартымдылық мәселесі өзекті болып отыр. 2015 жылы жоғары білім беруде ҚР білім алушыларының жалпы санынан шетелдік студенттердің үлесі 2,3% немесе 10 829 адамды құрады (2014ж. - 1,9%20). Олардың басым бөлігі ТМД мемлекеттеріне тиесілі болды (2.4.12 - сурет).
2.4.12 - сурет. Келген елдері бойынша шетелдік студенттердің саны, адам, 2015 жылы



Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Әлемде жоғары білім тартымдылығының ең жоғары көрсеткіштерін Австралия (18%), Ұлыбритания (17,5%), Швейцария (16,9%) және Австрия (15,5 %) университеттері көрсетті. Шетелдік студенттердің абсолюттік мәндегі ең көп саны АҚШ-қа - 842 384, ҚХР-на - 712 157, Ұлыбританияға - 428 724, Австралияға - 266 048, Францияға - 235 123, Ресейге - 213 342, Германияға - 210 542 тиесілі21.

1-КІРІСТІРМЕ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет