_________________________________________________________________________________________________________________
Педагогикалық кадрлар
Еліміздің күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде балаларды 325 184 мұғалім, оның ішінде 291 237 пән мұғалімдері оқытты. Қазақстан мұғалімдерінің сапалық құрамының айқын сипаты мамандықтың абсолюттік феминисттілігі болып табылады. Елімізде 265 282 (81,6%) әйел мұғаліммен салыстырғанда небәрі 59 902 (18,4%)
ер мұғалім болды.
Жалпы есеппен Қазақстанның мектептеріне 2015 жылы 31 738 мұғалім келді, 23 874 мұғалім кетті (2.2.15 - сурет). Шамамен 7 мың мұғалім бұрынғы мұғалімдердің қатарынан педагогикалық қызметке оралды. Шамамен 3 мыңы педагогикалық қызметке басқа ұйымдардағы жұмыстан қайта оралды.
.2.15 - сурет. Мұғалімдер кадрларының қозғалысы, адам, 2015 жыл
Дереккөз: ҚР БҒМ
Мамандықтан кеткендердің 4,6 мың адамы зейнетке шықты. 3 441 мұғалім өзінің педагогикалық қызметін елден көшуіне байланысты тоқтатты. Мамандықты ауыстыру да орын алды – мұғалімдердің 2,5 мыңнан астамы кәсіптік қызметтің басқа түрін таңдады.
2015 жылы еліміздің мектептерінде 42 799 зейнетақы жасындағы (55-64 жас) мұғалім жұмыс істеді, бұл педагогикалық кадрлардың жалпы санының 13% құрады. Зейнетке шыққаннан кейін педагогикалық қызметін 7 217 мұғалім жалғастырды. Қазақстан педагогтарының үштен бір бөлігінде (107 171), оның ішінде 102 022 мұғалімнің 20 жылдан асқан еңбек өтілі болды. Бұл факт өз тәжірибесін кеңес үкіметі мерзімінде бастаған мұғалімдердің орнын басатын жас мамандарды даярлаудың өзектілігін дәлелдейді.
Педагогикалық мамандықтың беделіне әсер ететін маңызды факторлардың бірі – мұғалімнің еңбекақысы. 5 жылдың ішінде мұғалімнің орташа еңбекақысы ел бойынша орташа көрсеткіштен айтарлықтай төменде қалу үрдісі сақталып келді. ҚР бойынша орташа еңбекақы соңғы
5 жылда 40% өсті (90 028 теңгеден 126 021 теңгеге дейін), орта мектеп мұғалімінің еңбекақысы тек 21% ғана өсті (15,3 мың теңгеге)
(2.2.16 - сурет).
2.2.16-сурет. Мұғалім еңбекақысы мөлшерінің динамикасы, теңге
Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК
Әлеуметтік зерттеу нәтижесі бойынша10 сауалнамаға қатысқан халықтың жартысы (43%) үшін мұғалім мамандығының беделі соңғы
5 жылда айтарлықтай өзгеріске ұшырамады. Сонымен қатар, халықтың 47% пікірінше (оның ішінде 57% – қала тұрғындары), еңбекақының төмен деңгейі мұғалім мамандығы беделі төмендеуінің басты себептерінің бірі болды. Өз кезегінде сауалнамаға қатысқан халықтың 33% мұғалімдердің жүктемелерінің тым артық болуы мамандықты таңдауға кедергі келтіретін факторлардың бірі екенін көрсетті.
2-КІРІСТІРМЕ.
Достарыңызбен бөлісу: |