_______________________________________________________________________________________________
Инклюзивті білім беру тәжірибесі
Қарағанды қаласының №27 жалпы білім беретін орта мектебі ҰКПҒПО-ның эксперименттік алаңы болып табылады. Қарағанды облысы Білім басқармасының бұйрығымен 2012 жылы «Бейімделген мектеп - баршаға арналған мектеп» №27 ЖОМ эксперименттік даму жоспары бекітілді. Ерекше білім беру қажеттіліктермен балалар үшін мектептегі бейімдік ортаны құру және қолдауды Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі көрсетеді (дефектолог, психолог, логопед мұғалімдері, дәрігер-психиатр).
Білім беру процесіне психикалық дамуы тежелген, ерте сәби аутизмі, есту/көру қабілетінің бұзылуы және т.б. даму ерекшеліктерімен балалар енгізілді. 2015-2016 оқу жылында білім алатын балалардың жалпы саны 85, оның ішінде
50 бала 4 арнайы сыныптарда, 35-і 22 инклюзивті сыныптарда білім алды. Мектепте кешендік тестілеу арқылы іріктеу жүргізетін 3 лицей сынып құрылды.
Мектептердің мұғалімдері зерттеу қызметімен айналысады. Олардың әдістемелік ұсыныстары Ресурстық кенес беру орталығы (РКО) мектебінің базасында құрылған инклюзивті білім берудің қызметінде қолданылады. РКО мамандары «Инклюзивті білім берудің ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды жалпы білім беретін мектептердің жағдайында ұйымдастыру және оның мазмұны» оқыту курсының бағдарламасын әзірледі.
РКО жалпы білім беретін мектептер, колледждер мен арнайы білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен жетекшілеріне арналған диалогтық алаң болып табылады. РКО әдістемелік материалдары ата-аналарға, мамандарға және кең қауымға WEB-сайт inclusion27.org. арқылы қолжетімді.
№27 ЖОМ базасында жиналған инклюзивті білім беруді дамытудың тәжірибесі республикалық ауқымда көрсетіледі (Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстары, Астана және Алматы қалаларында, Қызылорда облысында).
Қазақстан өңірлерінде ерекше білім беру қажеттіліктермен балаларды қосымша білім беру жүйесіне енгізудің жүйелі жұмысы жүргізіледі.
Осылайша, «Есту қабілеті нашар балаларды арт-терапия элементтерімен бейнелеу қызметіне үйрету» бағдарламасы шеңберінде Көкшетау қаласының Балалар көркемөнер мектебінде 28 бала білім алды. Мектептің тәрбиеленушілері «Жұлдызай» Республикалық балалар шығармашылығының фестиваліне және халықаралық байқауларға үнемі қатысады. Степногорск қаласының Балалар шығармашылығы үйінің мұғалімдері 2009 жылдан бастап «Күннің балалары» әлеуметтік жобасын жүзеге асырады. Бұл - ерекше қажеттіліктермен балаларға арналған шығармашылық кездесулер, акциялар, жарыстар, психологтың кеңес беруі.
Алматы қаласында «Жас натуралистер станциясы» мұғалімдері есту қабілеті нашар балаларды оқытудың әдістемесін әзірледі. Олардың тәжірибесі интернат және жай мектептердің тәрбиеленушілерін біріктіретін аралас топтарда оқытудың тиімділігін көрсетеді. РҚБОӘО біріктірілген оқыту балаларда бір-біріне деген толеранттықты тәрбиелеуге ықпал ететінін атап өтеді.
Батыс Қазақстан облысының (Орал қ.) Облыстық балаларға қосымша білім берудің экологиялық-биологиялық орталығы денсаулығында кемшіліктері бар балаларға экологиялық білім беру жұмысын жүргізеді.
«Гүл шаруашылығы» бағдарламасы өсімдік әлемі туралы ойлау қабілетін дамытуды және қарапайым түсініктерді меңгеруді, қоршаған ортамен танысуды қарайды.
Дарынды балаларға арналған 106 мамандандырылған мектебінде (2.2.13 - сурет) 44 652 оқушы білім алды. Осы мектептерде жаратылыстану-математикалық бағыттылықтың басымдылығы тіркелді (66, оның ішінде «Жас Ұлан» мамандандырылған мектеп-интернаты). Сонымен қатар,
23 мектепте балалар жаратылыстану-математикалық және басқа бағыттар бойынша білім алды.
.2.13 - сурет. Дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісі, бірлік, 2015 жылы
Дереккөз: ҚР БҒМ
«Дарын» дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерінде 74 181 оқушы білім алды. Олардың басым бөлігі жаратылыстану-математикалық бағытта жұмыс істейтін мектептер болды. Оқушылар жыл сайын Қазақстан атынан халықаралық олимпиада және ғылыми жарыстарға қатысады. 2015 жылы ұлттық жинақта математика (IMO), физика (IPhO), химиия (IChO), биология (IBO) және информатика (IOI) халықаралық пәндік олимпиадалардан ұтқан 24 медаль жиналды. 2015 жылы қорытынды рейтингте Қазақстан әлемнің 98 мемлекетінің арасында 12-орынға ие болды (2.2.4 - кесте).
2.2.4 - кесте. «Дарын» мектептері оқушыларының халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері, 2015 жылы
Достарыңызбен бөлісу: |