Әйгүл Мамырбекқызы
Елікбаева
информатика пәнінің мұғалімі
«Алтын ауыл» орта мектебі
Алматы облысы
Қарасай ауданы
«Баланың ынтасын арттыру үшін оқытылатын нәрседе бір жаңалық болуы керек» деп заманымыздың көрнекті қайраткері, ағартушы Ж. Аймауытов айтқандай, оқушыны білімнің терең тұңғиығына тарту үшін мұғалімнің әр сабағы көркем туынды болуы қажет.
Табысқа жетудің жолы – алға арнайы, өлшемді, шынайы, қолжетімді мақсат қойып, қажырлы адал еңбек ету. Педагог болу - барлық мамандықтың жиынтығынан құралған мәртебелі мамандық. Мен өз сабағымның сценаристі, актері, режиссерімін. Менің сахнам – сынып бөлмесі, көрерменім – менің шәкірттерім».
Достарыңызбен бөлісу: |