Қысқаша түйіндеме



бет20/50
Дата05.02.2022
өлшемі4,06 Mb.
#18105
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50
Зухра Нұрмолдоқызы
Ауғанбаева,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейі
Солтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қ.

«Мен ұстаз болуды бала күнімнен армандадым. Әлі есімде, көршілеріміздің балаларын жинап алып, оқытатынмын...


Ұстаз деген ұлы есімге лайық шыңға екінің бірі жете алмайды. Ол үшін біздің бойымызда намыс, қайрат секілді өршілдіктен құрылған қасиеттермен қатар, ұрпақ алдындағы жауапкершілік, бастаған істі соңына дейін жеткізе білу әрекеттері де табылуы тиіс. Ұстаз міне, мен мамандығымның биік шыңына жеттім, жетілдім деп еш уақытта айтпауы тиіс. Бір шыңды бағындырсаң, келесі бір шыңға шығу мақсаты тұруы тиіс. Осы шыңдарды бағындыру мен үшін ұстаздықты таңдаудағы және осы мамандықты жалғастырудағы басты қағидам болып қала бермек».

Светлана Сүлейменқызы Бастемова
Бастауыш сыныптардың мұғалімі
66 мектеп-лицейі
Астана қ.
«Мен әр баланың талантты болатынына сенімдімін. Маған, мұғалім ретінде, баланың жүрегіне жол тауып, өзін-өзі ашуға көмектесу керек. Қазіргі заман – инновациялық технологиялардың заманы, бірақ ешбір технология өзара түсінушілік барысында пайда болатын жан жылуын алмастыра алмайды. Мұғалім үнемі ізденісте болуы керек, кәсіби тоқырау оған қарсы көрсетілген.
Шығармашылық қабілетті дамыту инновациялық қызметтің жетекші бағыттарының бірі болып табылады. Мен инновациялардың көмегімен күнделікті әдеттен, үйреншіктіліктен алыстауға тырысамын. Ең бастысы - баланың ынта-ниетінің жоғалуына жол бермей, таптаурындарды жүктемеу керек».









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет