Қысқаша түйіндеме



бет40/50
Дата05.02.2022
өлшемі4,06 Mb.
#18105
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Мектептердің ресурстары
Мектептің сапалы оқу-әдістемелік ресурстары және дамыған материалдық-техникалық базасы (МТБ) елдің білім беру жүйесін жетілдірудің басты аспектілері болып табылады. 2015-2016 оқу жылында күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер оқушыларының 97% оқулықтармен толық қамтамасыз етілді. Ақтөбе (оқушылардың 27%-ы оқулықтармен қамтамасыз етілмеген), Оңтүстік Қазақстан (8%) және Солтүстік Қазақстан (3%) облыстарынан басқа, барлық өңірлерде тұрақты жағдай (99-100%) байқалды. 4, 5, 6 және 11 сынып оқушылары оқулықтармен толық қамтамасыз етілді, ал бірінші сынып оқушылары үшін бұл мәселе әлі де өзекті болып отыр (94%).
Оқулықтардың сапасы ерекше көңіл бөлуді талап ететін факторлардың бірі болып қалып отыр. 2015 жылы «Оқулық» РМҚК сараптамасының нәтижесі бойынша оқулықтар мен ОӘК-нің тек 50% ғана пайдалануға ұсынылды. 2015 жылы қарауға келіп түскен 3 255 баспа және электрондық оқу басылымы атауларының 50% елдің білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат берілмеді. Оқулықтардың сапасын жетілдіру мақсатында ғылыми және педагогикалық сараптамаға қойылатын талаптар күшейтілді.
Мектептегі білім беру жүйесінің МТБ контексінде апаттық жағдайдағы мектептер саны азаюының тұрақты үрдісі байқалады. Бұл білім берудің жаңа объектілерін іске қосу есебінен болып отыр. 2015-2016 оқу жылында Қазақстанда 69 апаттық жағдайдағы мектептер болды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда (136) шамамен екі есе аз. Апаттық жағдайдағы мектептердің көбі Жамбыл (12), Қызылорда (15) және Оңтүстік Қазақстан (18) облыстарында шоғырланды (2.2.3-кесте). 69 мектептің 66 ауылдық жерде орналасты. Күрделі жөндеу жұмысы 1 012 мектепке керек болды (2014ж. 1 203), олардың 67% (675) ауылдық жерде орналасты.
5 жылда жергілікті және республикалық бюджеттің қаражатына 586 мектеп салынды (2.2.20 - сурет). Бұл ретте барлық мектептердің басым бөлігі (158) 2015 жылы салынды. Білім беру объектілерінің неғұрлым көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында – 204 мектеп салынды, бұл халық тығыздығының ұлғаюына байланысты болды16.


.2.20-сурет. Мектептерді салу, бірлік, 2011-2015 жылдары
Дереккөз: ҚР БҒМ
Мектептердің шаруашылық қызметінің негізгі элементтерін жабдықтау олардың тиімді жұмыс істеуінің маңызды құрама бөлігі болып табылады. 2015 жылы елде күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 47-ында (3 372) абаттандырудың барлық түрлері болды (орталық сумен және жылумен жабдықтау, жылы әжетханалар) (2.2.21 - сурет). Дегенмен, мектептердің 17% (1 211) болмады (ауладағы әжетханалар, әкелмелі су, пештік жылу), олардың 92% ауылдық жерде орналасты. Мектептердің 36% (2 575) жартылай абаттандырылды.
2.2.21 - сурет. Абаттандыру типі бойынша мектептер, бірл., 2015 жылы



Дереккөз: ҚР БҒМ

2015-2016 оқу жылында елдегі мектептердің 85% (6 082) 2 527 848 оқушыға арналған ыстық тамақ беру ұйымдастырылды. Мектептердің


8% (550) 75 862 балаға арнап буфеттік тамақтануды ұсынды. Тегін тамақпен ҚР бойынша 461 866 бала (17%) қамтылды.
Оқытудың ыңғайлы процесін қамтамасыз ету үшін мектептерде қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайдың болуы маңызды. Ауладағы әжетханалар мектептердің 41% болды, 28% әкелмелі суды пайдаланды.
5 мыңнан астам мектеп жеке жылытылды, өз кезегінде 50% пештік жылытуды қолданды (қатты отын) (2.2.22 - сурет).
Үшауысымдық мәселесі де әлі өзекті болып отыр. Үшауысымды
87 мектепте 11,5 мың оқушы білім алды. 2014 жылмен салыстырғанда үшауысымды мектептердің саны 8-ге азайды, бұл 2011 жылғы көрсеткіштен артық (70 мектеп).


.2.22-сурет. Жылыту түрлері бойынша мектептерді абаттандыру, бірл., 2015 жыл
Дереккөз: ҚР БҒМ
Сабақты үш ауысыммен жүргізетін мектептер санының өсуі сәйкес жылдары бірінші сыныпқа баратындар санының өсуімен түсіндіріледі. Осылайша, 2015-2016 оқу жылында Қазақстанның мектептері бірінші сыныпқа 340 мыңнан астам оқушыны қабылдады. Бұл көрсеткіш 2014-2015 оқу жылымен салыстырғанда 12 мыңға және 2013-2014 оқу жылымен салыстырғанда 41 мыңға артық (2.2.23-сурет).
.2.23-сурет. Үшауысымды мектептердің және бірінші сынып оқушыларының саны
Дереккөз: ҚР БҒМ
Соңғы 5 жылда бірінші сыныпқа қабылдаудың тұрақты өсуіне қарамастан, 2013 жылдан бері үшауысымды мектептердің саны азайып келеді. Оқу орындарының жетіспеушілігімен мектептер санының азаюы да тіркелді (2.2.24-сурет).
2.2.24-сурет. Оқу орындарының жетіспеушілігі бар екі ауысымды мектептер, адам

Дереккөз: ҚР БҒМ
Ерекше білім беру қажеттіліктерімен балаларды ыңғайлы оқытуға жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. Елімізде санитарлық бөлмелерде арнайы қондырғылармен, арнайы оқу құралдарымен (парталар, ұстелдер), сонымен қатар пандустармен және көтеру құрылғылармен жабдықталған 3 210 мектеп жұмыс істеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында
2,5 мың мектеп бейнебақылау камераларымен жабдықталды.
Елімізде орта білім беруді ақпараттандыру бойынша іс-шаралар іске асырылып жатыр. Елде 1 компьютерге оқушылардың орташа саны
10 адамды құрады (қалада - 11 және ауылда - 9).
Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін 7 088 мектепке Интернет желісі қолжетімді болды. Олардың 5 440 мектебіне жылдамдығы
512 Кбит/сек және одан да жоғары болатын Интернет қолжетімді болды, оның ішінде 1 965 мектеп кең жолақты Интернетке (КЖИ) қосылды. Дегенмен, мектептердің 23%-ында (1 648) қосылу жылдамдығы
512 Кбит/сек төмен болды. Бұл мектеп оқушылары мен мұғалімдерінің Интернет желісіндегі жұмысын шектейді. Мектептерді жылдамдығы жоғары КЖИ-пен қамтамасыз ету білім беру процесін ақпараттандырудың маңызды шарты болып табылады.
Заманауи ғылым мен танымдық мәдениет компьютерлік технологиялардың қарқынды дамуымен сипатталады. АКТ-сауаттылық халық өмірінің барлық салаларында – білім, кәсіптік қызмет және қоғамдағы қарым-қатынаста табысты қызмет ету және ақпарат алмасу үшін өте қажет. Сондықтан АКТ қолжетімділігі халықтың өзін-өзі тиімді танытудың маңызды шарты болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде оқушының АКТ-дағдыларды қолдану қабілеті – мектептегі оқудың ажырамас бөлігі.
Көптеген елдерде мектептерді тиісті компьютерлік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге кең ауқымды инвестициялар жұмсалды. Өз кезегінде оларды пайдаланудың тиімділігі туралы объективтік деректер әлі жоқ17. Қазақстан алғаш рет қатысуды 2018 жылға жоспарлаған ICILS компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты халықаралық зерттеуі бұл сұраққа жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеу оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығының сапасын және оны жетілдіру үшін мектептерде жасалған жағдайды бағалайды. Бұл зерттеуге толыққанды қатысу Қазақстанның мектептерін қажетті ресурстармен, оның ішінде КЖИ қолжетімділігімен толық қамтамасыз етуді қарастырады.
Елдің 4 876 жалпы білім беретін мектебі жалпы сыйымдылығы 66 022 оқушы болатын жаңа модицикациялы кабинеттерімен (физика, химия, биология, лингафон кабинеттері) жабдықталды. Бұл кабинеттердің 71%-ы (3 456) ауыл мектептерінде жабдықталды.
Орта білім беруді қаржыландыру және оны сала ішінде үйлестіру мектеп қызметінің барлық аспектілерінің тиімділігіне себепші болатын басты факторлары болып табылады. Мектептерді қаржыландырудың сараланған тәсілі керек. Бұл ауыл мектептерінің аудан орталықтарынан шалғай орналасуы және білікті кадрлармен қамтамасыз етілуі сияқты ерекшеліктерді ескеруді қарайды. Шешім қабылдауда автономиясын кеңейту арқылы мектеп басшыларының жауапкершілігін арттыру мектептегі білім беруді одан әрі тұрақты дамыту үшін керек.
2011 жылмен салыстырғанда, Қазақстанда орта білімді қаржыландырудың көлемі 376 млн. теңгеге өсті (2.2.25 - сурет).
.2.25 - сурет. Орта білім беруді қаржыландыру
Дереккөз: ҚР БҒМ
2015 жылы орта білімге 886,2 млн. теңге бөлінді, бұл ЖІӨ-нің 2,15% құрады. Ал ЭЫДҰ елдері бойынша орта есеппен орта білімге жұмсалатын шығыстардың үлесі ЖІӨ-нің 3,5% құрайды (2.2.26 - сурет).
2.2.26-сурет. ЭЫДҰ елдеріндегі орта білімге жұмсалатын шығыстар,
ЖІӨ-нен %, 2015 жылы



Дереккөз: ҚР БҒМ , ЭЫДҰ
Қазақстан мектептерінің елеулі айырмашылық - олардың материалдық-техникалық жағдайы мен мезгілдік қажеттіліктер (жылыту және көлік тасымалы), жыл сайын бюджеттен бөлінетін үлесінің тіркелген көлемі мектеп басшылығын және ЖАО атаулары бірдей шығыстарды игеруді міндеттейді. Мектепті қаржыландыру және менеджмент жүйелерін жетілдіру мақсатында Қазақстанның 63 мектебінде жан басына қаржыландырудың апробациясы жүргізіледі. Бұл тәсіл Ұлыбритания, АҚШ, Аустралия, Грузия сияқты елдерде табысты қолданылады. Қазақстанда жан басына қаржыландыру апробациясының операторы «Қаржы орталығы» АҚ болып табылады.
4-КІРІСТІРМЕ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет