АнатолийНиколаевич Билида, Физика пәнінің мұғалімі Дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейі Павлодар облысы Павлодар қ., «Заманауи мұғалімнің ең алдымен өзіне, содан кейін ғана басқаларға талап қою қабілеті болуы керек. Мен мұғалім мамандығын өмір жолымда үлгі тұтарлық мұғалімдерді кездестіргенім үшін таңдадым. Мектептегі білім беру жүйесінде қызмет етудің басты себебім – менің шәкірттерімнің республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалардағы жетістіктері. Бұл – менің еңбегімнің жемісі. Егер маған мамандықты қайта таңдау керек болса, мен бәрібір мұғалім болатын едім, өйткені бұл қызықты әрі шығармашылық кәсіп. Балалармен қарым-қатынас жасау педагогикалық қызметтің ең үлкен марапаты деп санаймын».