«Музыкалық-эстетикалық тәрбие бұл, ең алдымен, адам тәрбиесі. Балаларға білім мен шығармашылық әлемді сыйлау – үлкен бақыт, ол тәрбиеленушілерден бақыт-бумерангы болып өзіңе қайтады. Қызметімнің ең маңызды қыры бұл – балалармен қарым-қатынас. Түймедей дәннен көрікті ағаш өсіру, сонымен қатар өз түлектерімді мақтан тұту мүмкіндігі – қызметімнің ең үлкен марапаты деп санаймын».
Ақмола облысы Ерейментау қ. «Менің мұғалімдік мамандықты таңдауыма өз ұстаздарымның әсері болды, білім беру саласында үзбей қызмет істеп келе жатқанымның себебі – мен өз мамандығымды сүйемін және мұғалім мамандығының мәртебесінің артатынына сенімдімін. Мен өз өмірімді шәкірттерімсіз елестете алмаймын. Мектептерде үш тілді білім беру, бес күндік оқуға көшу туралы менің пікірім – бұл заман талабы, оқушылар халықаралық деңгейде өз білімдерін жетілдіре алады, жаңа мүмкіндіктер пайда болады».