«Қазіргі заман педагогы – ол өзінің ісіне берілген нағыз кәсіби шыңдалған тұлға болуы керек. Өзіндік шыңдалу мен іздену нәтижесінде ғана алдында отырған өскелең жас ұрпаққа жоғары деңгейде білім бере алады. Өйткені мұғалім аты ұрпақты тәрбиелеудегі ең жауапкершілігі мол адам болып саналады.
Бала кезімде маған білім берген мұғалімдерді пір тұтатынмын, ол адамдар мен үшін ең білімді, жан-жақты, керемет жандар болып есептелетін. Баламен жұмыс, мектептің қарқынды тірлігі, үнемі ізденісте болып, шыңдалуым – таңдаған мамандығымды одан әрі жалғастыра беруге септігі бар деген ойдамын».