үш тілдік оқытумен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектебі
Жамбыл облысы
Тараз қ.
«Педагогикалық қызметте мені өзін-өзі дамыту мүмкіндігі бәрінен көп қызықтырады. Мамандықтардың көбісі жатталған дағдыларды қайталауға және реттілікке негізделеді, ал мұғалім мамандығының ерекшелігі жаңа ақпаратты үнемі іздеуден құрылады. Байқаулар, семинарлар, конференциялар өзін-өзі жетілдіруге және кең ауқымды, жаңа әрі пайдалы ақпаратты үнемі алып отыруға көмектеседі.
Заманауи педагог бұл – шығармашылық қабілетті дамытуға қолойлы жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді шығармашылық қабылдауға ұмтылысын дамыта алатын, оларға өз бетінше ойлауға үйрете алатын адам деп санаймын».
Гүлнәр Мизинбайқызы
Рахимова
тарих пәнінің мұғалімі
дарынды балаларға арналған
№9 «Зерде» мектебі,
Астана қ.
«Мұғалім бұл мамандық атауы ғана, ал «Ұстаз» деп осы мамандық шеберін айтады деп ойлаймын. Оқушыға үлгі болу және шәкірт сезіміне бөлене білу керек. Егер мүғалімін жақсы көрген оқушы оның пәнін де сүйеді. Пән таңдағанда көбінесе мұғалімді таңдайтыны шындық.
Мұғалім болу бала кезден арманым еді. Әжем менің мұғалім болуымды қалады. Бата бергенде , мақтағанда да « мұғалім бол» деп отыратын. Сол арманыма қол жеткізіп бұл күнде мектеп қабырғасында еңбек етіп жүргеніме 30 жылдан асты. Бала жанын түсіну, оған өміріне қажет білім беру, саналы азамат етіп тəрбиелеу əрбір ұстаздың қоғам алдында-ғы жауапкершілігі деп білемін».