Сухина
химия пәнінің мұғалімі
№ 35 мектеп-лицейі
Батыс Қазақстан облысы
Орал қ.
«Пәнді білгеннен басқа, мұғалім мінсіз психолог болуға, қоғамның әлеуметтік сұрақтарда бағдарлануға, бағдарламаның өзгерісіне уақтылы әрекет жасауға, заманауи педагогикалық технологияларды табысты меңгеруге және ірі тұлға болуға міндетті. Мұғалім сиқыршы сияқты қолайсыз отбасылардың дертін жазуы, барлық балаларды өнегелі және құзыретті тұлғалар ретінде тәрбиелеуі, өзі демалыс пен отбасы туралы ұмытуы, жардымсыз жалақы әкеп, өмірге қуануы керек. Мұғалім өзін аянбай жұмысына арнайды, кейде, бұдан оның отбасысы зардап шегеді.
Мұғалім өмір бойы оқиды, біліктілігін арттырады, жаңаны танып біледі және шәкірттеріне жеткізеді. Шәкірттің мұғалімнен асып түскені, мұғалімнің өз міндетін толық атқарғанын білдіреді. Талантты ашу, оның көтерілуіне, гүлденуіне және жетістікке жетуіне жәрдемдесу – мұғалімнің борышы».
Сафура Салимбайқызы
Темурбаева
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
М.Мақатаев атындағы №140 мектеп-гимназиясы,
Алматы қ.
«М.Шаханов «Бала жүрегі - кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұруы керек» деген болатын. Бұл кілт күй сандықты ашып қана қоймайды, ата-ана, ұстаз, оқушы арасындағы тылсым байланыс - сенімділіктің алтын көпірін жасайды. Өз тәжірибеме сүйене айтар болсам, бала ойындағы барын бүкпей айтады, жақсы мен жаманды ажырата біледі, айтылған сынды дұрыс қабылдап, қажет жерде сын да айта алатын дәрежеге жетеді. Осыған қол жеткізген педагог - мінсіз педагог бола алары анық.
Менің жетістікке жетуге ықпал еткен - мақсатыма жету жолында қанаттандырған, мақсаты айқын, шығармашыл орта, бәсекеге қабілетті әріптестерім. Олай дейтін себебім, мақсаты айқын жандар биік белестердің жолын нұсқады, сол жолда тынбай еңбектенуге, шынайы шығармашылықпен айналысуға жол ашты».
Достарыңызбен бөлісу: |