|
|
бет | 10/21 | Дата | 26.10.2023 | өлшемі | 263,8 Kb. | | #188267 |
| Байланысты: Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістерОрындау алгоритмі:
Асептика ережесін сақтап шприцтерді жинау;
Шынтақ пен иық бөлігін жалаңаштап, көйлек жеңін түру;
Шынтақ астына жастықшаны қою;
Жгутты иықтың үшінші бөлігіне ілгіші төмен қарайтындай етіп, ал бос ұшын жоғары қаратып байлау;
Науқасты қолын ашып-жұмып жұмыс істеуін және жұдырық түюін сұрау;
Егетін жерін спиртке малынған мақтамен екі рет ауыстыра отырып сүрту;
Сол қолдың үлкен саусағымен венаны анықтау;
Иненің кесігін жоғары қаратып 45о та тері бетіне енгізу, сосын көктамырды пунктирлеу.
Поршеньді өзіңе қарай тарту;
Науқастан көктамырға түскеніңізге көз жеткізгенде жұдырығын ашуды сұраңыз;
Поршеньді 5-10мл қан жинағанша тарта беріңіз, жгутты шешпеңіз;
Жгутты шешіп, инені көктамырдан алыңыз;
Еккен жерді спиртке малынған мақталы шарикпен басыңыз;
Науқастан шынтағын бүгіп мақталы тампонды 5-7мин ұстауын сұраңыз;
Шприцті қаныменен стерильді лотокқа қойыңыз;
Спиртовканы жағыңыз;
Сол қолыңызбен қорек ортасы бар флаконды түбінен ұстап басын спиртовка жалынында қыздырамыз;
Жалын үстінде оң қолыңыздың 4-5-саусағымен флаконның тығынын ашыңыз;
Сұқ саусағыңыз поршеньннің рукояткасында тұратындай етіп қаны бар шприцті оң қолыңызға алыңыз;
Инені алып, тастайтын лотокқа салыңыз;
Флаконды сәл қисайтып қабырғасы бойымен шприцтен қанды баяу шығарыңыз;
Шприцті тастайтын лотокқа салыңыз;
Флаконның басы мен тығынның түбін жағамыз;
Флаконды тығынның сыртқы қағаздалған жағын ұстап жабамыз;
Флаконды нөмірлеу;
Гемокультурасы бар флаконға жолдаманы жапсыру;
Науқастан қолын жазуын сұрап, мақталы тампонды дез.ертіндісі бар ыдысқа лақтыруын сұраймыз;
Науқастың тұруына көмектесу;
Маска мен қолғаптарды шешу;
Қолынды жуып, кептіру;
Қолданылған шприц пен инені дез ертіндісі бар ыдысқа салу;
Флаконды бикске мақтамен немесе поролонмен нығыздап салу;
Материалды бак.лабораторияға жеткізу.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|