Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет12/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер
Тұмау, Акушер қызметіндегі психологиялық білім
Орындау алгоритмі:

  1. Науқасқа шараны жүргізу ережесін түсіндіріп, келісімін аласыз;

  2. Қолыңызды сабынмен жуып, кептіріп, маска мен қолғапты киесіз;

  3. Шприцті жинап, инені тағасыз, шприцтен ауаны шығарып, стерильді лотокқа қойыңыз;

  4. Науқастың шынтағына клеенканы және жастықшаны қойыңыз;

  5. Сүлгіні иығына қойыңыз;

  6. Жгутты шынтақтан жоғары етіп байлаңыз;

  7. Науқастан жұдырығын ашып-жұмуын сұрайсыз;

  8. Көктамырды пальпациялайсыз;

  9. Спиртпен екі рет теріні сүртесіз;

  10. Сол қолмен көктамырды табасыз;

  11. Венаны пунктирлейсіз;

  12. Шприцтің поршенін өзіңізге қарай тартыңыз;

  13. 3-8 мл қан аласыз;

  14. Спиртке малынған мақталы тампонды басасыз;

  15. Жгутты шешесіз;

  16. Көктамырдан инені аласыз;

  17. Тампонды басасыз;

  18. Шынтағын 5-7 минутқа бүгіп тұруын сұрайсыз.

Стандарт - 4
Ауыз қуысының күтімі
Мақсаты: пациенттің жеке гигиенасын сақтау, стоматит және басқа қабыну ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері: төсек тәртібіндегі, ауыр халдегі, әлсіз, қызба кезіндегі паценттедің ауыз күтімі.
Әзірле: стерильді- 2 лоток, 2 пинцет, дәкелі салфеткалар, тампондар, 2 шпатель, Жане шприці, мензуркалар, вазелин, антисептикалық ерітіндісі бар ыдыс, сүлгі, стақан су, қолданылған материалға арналған лоток, қолғап, дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, КБУ қорапшасы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Пациентке процедура жөнінде түсіндіріп, келісімін алыңыз.
2.Пациенттің ауыз қуысын, қызыл иегін, тілін қараңыз.
3.Мензуркаға антисептикалық ерітінді құйыңыз.
4.Пациентті Фаулер қалпына келтіріңіз.
5.Басын бір жақ қырына бұрыңыз, мойны мен кеудесін сүлгімен жабыңыз,иегін лотокқа қойыңыз.
6.Қолды жуып кептіріп,қолғап киіңіз.
7.Тіс протездері болса шешіңіз.
8.Шпательмен ұртты итеріп тұрып, пинцетпен антисептикке малынған дәкелі тампонды ұстап әр тісті сыртқы жағынан қызыл иектен бастап тампондарды ауыстыра отырып өңдеңіз.
9.Сол жақты да сол ретпен өңдеңіз.
10.Ауыз қуысының ішкі жағын сол жақтан бастап,сосын оң жақты тампондарды ауыстыра отырып өңдеңіз.
11.Тілді стерильді салфеткамен орап, сол қолмен тартыңыз. Шпательге дәкелі салфетканы орап тілді түбірінен ұшына қарай сүртіңіз, салфетканы 2-3 қайтара ауыстырып отырыңыз.
12.Салфетканы антисептикалық ерітіндіге малып тілді түбірінен ұшына қарай өңдеңіз.
13.Пинцетті, шпательді лотокка салыңыз.
14.Пациенттің аузын Жане шприці көмегімен шайыңыз.
15.Ауыз айналасындағы теріні салфеткамен құрғатып сүртіңіз, ерніне вазелин майын жағыңыз.
16.Құралдарды дез ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз, дәкелі салфеткаларды, тампондарды, қолғапты КБУ қорапшасына салыңыз.
17.Қолғапты шешіп, қолды жуып кептіріңіз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет