Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары


Медбикелік күтімнің ерекшеліктері



бет5/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Медбикелік күтімнің ерекшеліктері:
1. Барлық клиникалық көріністер кезінде, көбіне 3 күннен аспайтын уақытта төсектік тәртіптің сақталуын қадағалау.
2.Диарея мен құсу кезеңінде шығарған сұйықтықты есепке алып, максималды қолайлылықты қамтамасыз ету. (әр 2-4 сағ сайын қадағалау)
3.Пероральді глюкоза-тұзды ертіндіні (цитроглюкосолан, глюкосолан, регидрон, оралит) енгізуді қамтамасыз ету. 1-1,5 қасық/сағ аздан ішке қабылдау 2-3 сағ ішінде және ары қарай сұйықтықты жоғалтуда емдеу үрдісінде беріледі. (2-4 сағ сайын қадағалау).
4.Науқастардың дәрілерді қабылдауын қамтамасыз ету (медбикенің қатысуымен).
5. Науқастың аурудың өршу кезеңінде диетаның сақталуын қамтамасыз ету. Певзнер бойынша №4 стол, диарея тоқтағанда № 13 стол тағайындалады.
6.Күнделікті медбикелік тексерулер, науқастың пациенттің мәселелерін анықтау және тәуелсіз медбикелік араласулар арқылы оларды шешу.
Ботулизм кезіндегі медбикелік үрдіс.
Ботулизм - Clostridium botulinum бактериясымен шақырылатын, ботулотоксиннің әсерінен дамитын, сопақша ми және жұлынның зақымдануымен сипатталатын жедел токсико-инфекциялық ауру. Этиологиясы. Қоздырғышы – қозғалмалы таяқша, оттегі жоқ жерде өседі – анаэроб. Спора түзеді, спорасы химиялық және физикалық факторларға төзімді, бірнеше жылдар бойы құрғатылған түрде сақталады және қолайлы жағдайда вегетативті түрі өсіп, токсин бөледі. 7 серотипі белгілі: А,В,С,D, Е, F, Q.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі:
1.Жылықанды жануарлар, шөпқоректілер (сиыр, ешкі, ат т.б.), сирек – суыққандылар (балық, моллюск, шаянтәрізділер). Жануарлардың ішегінде қоздырғыш жиналып, нәжісімен қоршаған ортаға бөлінеді. Топырақта спора түзіп, жылдар бойы сақталады.
Берілу механизмі: - фекальді-оральді.
Берілу жолдары: тағамдық. Адам құрамында экзотоксині және вегетативті түрі бар тағамды қолданғанда ботулизммен ауырады.
Берілу факторы – үй жағдайында консервіленген өнімдер және қақталған өнімдер.
Патогенезі.

  • Инкубациялық кезеңі өте қысқа (сағаттар) астан улану.

  • Қарқынды дамитын жалпы улану құбылысы.

  • Бульбарлы жүйке орталықтарының зақымдалуы.

  • Сал болудың дамуы.

Клиникасы. Инкубациялық кезең: орташа 18-24 сағат, 2-6 сағаттан 7 күнге дейін. Ауру жедел, қалыпты температурада немесе субфебрильді температурада басталады. Ботулизм негізгі үш синдромы:
1.Интоксикациялық синдром:
-жалпы әлсіздік;
-бас ауруы;
-субфебрильді температура.
2.Гастроинтестинальді синдром:
-жүрек айну;
-құсу;
-эпигастрийде ауырсыну;
-іштің желденуі.
3.Паралитикалық синдром:
-көру мүшесінің бұзылысы: «тұман», «тор», «шіркейдің болуы», екі еселенуі (диплопия), қарашықтың ұлғаюы (мидриаз), қабақтың түсуі;
-жұтынудың бұзылысы (ауыз қуысының және жұтқыншақтың шырышты қабатының құрғақшылығы);
-фонацияның бұзылысы: даустың қырылдауы және афония;
-жалпы бұлшықет әлсіздігі;
-тыныс алу бұзылысның синдромы: қысылу сезімі, кеудеде тарылу, ентікпе, асфиксия.
Асқынуы. Аспирациялық пневмония, миокардит, инвазивті емдік шаралардың әсерінен (интубация, катетеризация, өкпенің жасанды вентиляциясы) екіншілік инфекцияның қосылуы пайда болады. Диагностикасы. Эпидемио- логиялық, клиникалық және лабораториялық көрсеткіштерге сүйенеді.
-Қан, құсық массасы, асқазанның шайынды суынан ботулотоксин жэне ботулизм қоздырғыштарын анықтау; (Стандарт - 2)
- Биологиялық әдіс.
- Ботулотоксинді нейтрализация реакция арқылы анықтау,
- Қоректік орталарға (пепсин-пептон, Китта-Тароцци ортасы, Хоттингер сорпасы) себу арқылы қоздырғышты анықтау;
- Имуннодиагностикасы науқастың қанындағы антитоксиндерді анықтауға негізделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет