Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары



бет6/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Медбикелік күтімнің ерекшелігі:
1.Клиникалық көріністің барлық кезеңінде төсектік тәртіпті сақтау.
2.Диарея мен құсу кезінде максималды қолайлылық қамтамасыз ету.
3.Тыныс алудың тоқтауы мүмкін болғандықтан үнемі тыныс алу жиілігін қадағалау (әр 2 сағат сайын). (Стандарт - 9)
4. Жүректің тоқтау қаупіне байланысты АҚ өлшеу (әр 2 сағат сайын). (Стандарт - 10)
5.Қуықтың салдануынан зәрдің бөлінуі тоқтауы мумкін болғандықтан зәр шығарудың мөлшерін және жиілігін қадағалау.(Стандарт – 11)
6.Науқастың аурудың өршу кезеңінде диетаны сақталуын қамтамасызь ету. Певзнеров бойынша №4стол.
7.Тағамдық зондты өз уақытында алу және сапалы дезинфекциялау. (Ойықтың және ауруханіщілік инфекцияның алдын алу).
8.Көз күтімі. (Стандарт - 12)
9.Тазалық пен ауыз қуысының тазалығын қамтамасыз ету. (Стандарт -4)
10.Күнделікті медбикелік тексерулер, науқастың пациенттің мәселелерін анықтау және тәуелсіз медбикелік араласулар арқылы оларды шешу.
Дизентерия кезіндегі медбикелік үрдіс.
Дизентерия – дизентерия бактерияларымен шақырылатын және көбінесе тоқ ішектің шырышты қабатының зақымдалуымен жүретін жалпы жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Қоздырғыштары – шигелла тұқымдасының бактериялары – Shigella dysenteriae, Shigella flexneri, Shigella boydii , Shigella sonnei. Шигеллалар грам-теріс факультативті анаэробтар. Тағамдық өнімдерде ұзақ сақталады, біраз уақыт топырақта да сақталады.
Эпидемиологиясы. Инфекция көзі – ауру адам және бактерия тасымалдаушы.
Берілу механизмі – фекальді-оральді.
Берілу жолдарытұрмыстық, тағамдық және сулық.
Инкубациялық кезең – 2-7күн.
Патогенез.
Шигелла асқазанға түскенен кейін ашы және тоқ ішеке өтеді. Тоқ ішекте олар колоноцитке өтіп, сол жерде көбейіп өледі де эндотоксин босап жергілікті әсер көрсетеді. Sh.dysenteriae (Григорьева-Шига) дизентерияларынан басқасына бактериемия тән емес. Токсин әсер ету кезінде күрделі процесстер пайда болады. Олар: ащы ішектің функцияларының бұзылуы (асқорыту, сіңу, моторлы-эвакуаторлы). Сондай-ақ алмасу процестер (белок алмасуы), дәрумендердің және гемостаз жүйесінің бұзылуы. Аурудың дамуында басты рольді организм сенсибилизациясы ойнайды (г.з.т.) Дизентерияның дамуына макроорганизм және қорғаушы факторлар маңызды мағына береді. Клиникасы: әлсіздік, қалтырау, бас ауру, температура көтеріледі, жүрек айну, іште толғақ тәрізді ауырсынулар. Нәжіс жиілейді (тәулігіне 10-25 рет және артық ), нәжіс сұйықталып, азайып, шырыш пен қан аралас болады. Жиі ауырсынбалы жалған шақырулар (тенезм). Нәжісті «ректальді түкірік» деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет