Ішек инфекциялары кезінде қолданылатын медбикелік күтім стандарттары


Сальмонеллез кезіндегі медбикелік үрдіс



бет4/21
Дата26.10.2023
өлшемі263,8 Kb.
#188267
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Ішек инфекциялары кезіндегі медбикелік үрдістер

Сальмонеллез кезіндегі медбикелік үрдіс.
Сальмонеллез –Salmonella туысындағы бактериялардың әр түрлі серотиптерімен шақырылатын, бұл жануарлар мен адамдар арасында болатын жіті ішек ауруы, көп жағдайларда азық-түлік арқылы беріліп, асқазан-ішек жолдарының зақымдануы арқылы сипатталатын полиэтиологиялық жұқпалы ауру.
Этиологиясы. Сальмонеллалар грам теріс, қарапайым қорек ортасында өсе беретін, дезинфекциялық заттарға және жоғары температураға сезімтал болып келеді.
Эпидемиологиясы.
Инфекция көзі:
1.Жануарлар мен құстар (Salmonella enteritidis)
2. Ауру адам (Salmonella typhimurium)
3.Бактерия тасымалдаушы (Salmonella typhimurium)
Берілу механизмі: фекальді-оральді.
Берілу жолдары: тұрмыстық-қатынастық, тағамдық.
Берілу факторлары: су, тағам (жұмыртқа, ет, қызанақ, сүт), тұрмыстық заттар, шыбындар.
Патогенезі. Аурудың дамуы қоздырғыштың мөлшеріне, организмнің резистенттілігіне байланысты.
-сальмонеллалардың ауыз арқылы организмге енуі
- ащы ішектің энтероциттерімен байланысқа түсіп экзотоксин бөледі
- гиалуринидаза өткізгештік ферменті арқылы қоздырғыш энтероцитке енеді
- фагоциттердің қарсылыс көрсетуінен ащы ішек қабырғасында қабыну үрдісі басталады
- қоздырғыштың бұзылуында ЛПС клмплекс (эндотоксин) бөлінеді
- су электролиттер көп мөлшерде бөлінеді
- ішек перистальтикасы жоғарлайды
- клеткалық гипергидратация – ісіну
- бүйрек өзекшелерінде дистрофия
- Қ.Ш.Ұ)ДВС), микроциркуляция бұзылысы
Клиникасы. Инкубациялық кезең: 2-6 сағаттан 2-3 күнге дейін (орташа 12-24 сағат). Жедел басталады, продромальді кезең жоқ. Өршу кезеңі бірнеше түрде болады:
1.Интестинальді түрі: (қоздырғыш ішектің қабырғасында):
-розеолезді бөртпе;
-бас ауру;
-бұлшықеттің ауырсынуы;
-эпигастрийде ауырсыну;
-жүрек айту;
-бірнеше ретті құсу;
-сулы, жасыл түсті, өткір иісті нәжіс;
-діріл;
-сусыздану.
2.Генерализденген түрі: (қоздырғыш лимфамен барлық мүшелер мен тіндерге таралады)
-жүрек айну;
-құсу;
-сулы, жасыл түсті, өткір иісті нәжіс;
-6-7- күні розеолезді бөртпе
-гепатолиенальді синдром.
3.Септикалық түрі: (қоздырғыш қанда)
- әр түрлі локализацияланған екіншілік ошақтың қалыптасуы.
Науқастарды госпитализациялау ауыр жағдайда немесе асқынған түрінде және эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Төсектік тәртіп айқынтоксикоз және дегидратацияның көрінісінде тағайындалады.
Диагностикасы.
-бактериологиялық (нәжіс, құсық, асқазан шайындысы, зәр, қан өт және т.б.) (Стандарт - 2)
- серологиялық (ИФА, АР, ТГАР) (Стандарт - 3)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет