Қарау және пальпация кезінде, іштің кебуі, зақымдалған лимфа түйіндері аймағында іш қабырғасының қатаюы және ауырсынуы анықталады. Терең пальпацияда шажырақай лимфа түйіндерінің конгломераттар(ісік тәрізді ұлғайған лимфа түйіндері, пальпацияда ауырсынумен) сезіледі. Туб.мезаденитке тән 2 симптом: Мак-Фенден симптомы(кіндік маңындағы ауырсыну) және Клиин симптомы(науқасты сол жақ бүйіріне жатқызғанда ауырсынудың сол жаққа қарай ауысыу)Жиі аорта пульсациясының күшеюі, туб.мезадениттің көрінісі болып табылады. Перкуссида конгломерат үстінен тұйықталған перкуторлы дыбыс естіледі. Тексеруді аш қарында(тазарту клизмадан кейін) жасау керек

Туберкулезді перитонит
Ішперде туберкулезі лимфогенді немесе гематогенді жолмен процесстің ішпердегі жайылуы нәтижесінде дамиды. Перитониттің 3 формасын ажыратады:
- экссудативті
- жабысқақ
- жара
Экссудативті туберкуледі перитонит құрсақ қуысына экссудаттың жиналуымен сипатталады. Ауру баяу басталады, іштегі анықталмаған ауырсынулармен, түрақсыз дәрет, субфебрильді температура, айқын интоксикация симптомы кезінде диспепсиялық бұзылыстармен көрінеді. Қарап тексергенде іштің кебуі, ауырсынады, венозды тоқырау әсерінен көктамырлардың кеңеюі көрінеді. Ішпердені тітіркендіру симптомы жазылған, асцит анықталады. Туб.перитониттің экссудативті формасы қолайлы өтеді, экссудаттың толық сіңірілуімен.

Жабысқақ формасында ағымы ьолқын тәрізді. Науқастар жалпы әлсіздікке, іштің ұстама тәрізді ауырсынуына, жүрек айну, құсуға шағымданады. Ұзақ уакыттан кейін іш өту, кейде іш қату болуы мүмкін. Қарап тексергенде құрсақ қабырғасының қатаюы және қатты ауырсынуы болады. Кейбір науқастарда тығыз, әртүрлі формадағы ісік тәрізді, аз қозғалмалы және жиі ауырсынатын түзілісті анықтауға болады.
Науқастарда туб.перитониттің экссудативті және жабысқақа формасында милиарлы төмпешіктер ірімшік тәрізді жайылады да, париетальды және висцеральды ішпердеде казеозды-некротикалық жаралар түзеді. Клинкалық көрінісі айқын. Тері және көзге көрінетін шырышыты қабаттары бозарған, цианоз, көздері кіріккен, жиі құсу, іш кебу, тілі құрғақ, дене температурасы жоғары болады. Ауру өте ауыр өтеді, ішкі ағзаларға және ішперде қабырғасынан шығатын жыланкөздер ретінде асқынуы мүмкін.