Ұқсас аурулармен ажырату диагностикасын логикалық тұрғыда жүргізе білді.
Таралымды құрыспалы ұстамаларды истериялық ұстамалар мен талып қалудың құрыспалы түрлерінен ажырату керек. Таралымды құрыспалы ұстамаға пароксизм өтуінің фазалылығы тән: аура (егер ол болған жағдайда) - естен тану - құрысулар (тоникалық, соңынан клоникалық) - ес-түстің ұстамадан кейінгі өзгерістері (кома, сопор, ұйқы). Көз қарашықтарының кеңеюі мен олардың жарыққа реакциясының жойылуы байқалады. Эпилепсиялық ұстамалар қандай да болмасын жағдайларда пайда бола береді. Сырқаттар құлағанда көбінесе жарақаттанып қалады.
Истериялық ұстама әрқашан сырқаттың күйзелген шағында,маңайында басқа адамдар болғанда үстайды. Истериялық ұстама көрермендерге арналған спектакль тәрізді, қүлағанда олар жарақаттанбайды.
Сіреспелі құрыспаларға әдетте описто-тонус типтес "истериялық доға" кіреді, қол-аяқты, денені жазатын бұлшық еттердің сіресе құрысуы, әр түрлі астарлы кейіптер жиі көрініс береді, науқастар киімдерін жырта бастайды, бетін тырнайды, тістелеседі және т.б. Көз қарашығының кеңеюі әдетте оның жарыққа реакциясының жойылуымен қосарланбайды. Ұстама соңынан есінен тануы мүмкін, бірақ ол эпилепсиялық үстамадан кейін де бола береді.
Эпилепсиялық бас айналу ұстамасын бас айналудың басқа себептерінен ажырата білу керек. Эпилепсиялық бас айналу ұстамаларының ерекшелігі - олар қысқа мерзімді (секундтар), сыртқы әсерлерге байланысыз-ақ оқтын-оқтын қайталанады, ұстамалар болмаған аралықта вестибулярлық бұзылымдар болмайды.
4.
Науқасқа шұғыл көмек көрсету жоспарын негіздеді.
Науқасты бір қырынан жатқызамыз, ауыз қуысын бөгде заттардан тазартамыз, тілін-ұртын-ернін шайнап алмау үшін тістерінін арасына жұмсақ зат қойып үлгереміз, клоникалық құрысу кезінде басын, аяқ-қолдарын жарақаттап алмау үшін тіреп ұстап тұрамыз
Оксигенотерапия – маска арқылы 1/1 қатынасында
Брюзепам 10 мг-2,0 мл вена ішіне енгізді
Науқасты сол қырына жатқызамыз ( асфиксияның алдын алу үшін)
Құрысу басылған соң салфеткамен ауыз қуысына жиналған сұйықтықты тазартты
Артериалық қан қысымын өлшейміз
Жүректің соғу жиілігін,пульсін санады.