Патохимиялық өзгерістер сатысында аллерген мен арнайы антидене немесе аллерген мен сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер байланысулары нәтижелерінде аллергияның біріншілік дөнекерлеpі (медиаторлары) босап шығады. Олар аллергиялық серпілістердің түрлеріне карай әртүрлі болады. Артынан кабынудың бейспецификалық екіншілік донекерлері: лизосомалардың ферменттері, белсенділігі көтерілген Хагеман факторы, калликреин-кинин жүйесі, простагландиндер мен лейкотриендер т. 6. косылады.
Патофизиологиялык бузылыстар сатысы осы көрсетілген аллергияның біріншілік және екіншілік дәнекерлерінің нысана жасушаларға әсерлерінен дамиды. Осыдан:
— артериалык, қысымның, майда қан айналымның өзгерістеріне әкелетін қан тамырларының жергілікті жөне жүйелік өзгерістері (терінің қызаруы, артериалык кан қысымының төмендеyi т.с.с.) байқалады;
— кан тамырлары қабырғаларының өткізгіштігі жоғарылайды, содан iciну дамиды;
---тегіс ет жасушаларының катты жиырылып калуынан бронхос- пазм, ішектердің бүрап ауыруы, іш өту т.с.с. кубылыстар пайда болады;
— қан үю және үюға қарсы, фибринолиздік жуйелердін бүзы- лыстарынан тамыр ішінде кан қатпалары пайда болуы немесе кан ұйымауынан қанағыштық синдром дамуы байкалады;
--эпителий жасушаларының шырыш шығару кабілеті көтерілуінен кенірдекшелерде тутқыр қакырық өндіріледі;
--сезімтал жуйке аякшалары коздырылудан ауырусыну, кызу, қышыну сезімдері болады
-- тіндерде жасушалардың сіңбелерімен көрінетін кабыну дамиды;
-- аллергені бар нысана жасушалардың ыдырауы (цитолизі) байқалады.
Цитолиз уш түрлі жолмен болуы мумкін: - жасуша сыртындағы цитолиз, мөселен, эозинофилдердін пероксидазалары мен катиондық нөруыздары сыртына шығарылып, антигені бар жасушаларды (кұрттарды) ерітіп жібереді;
— жасуша ішіндегі цитолиз, мәселен, фагоцитоз кезінде фагоциттердің iniнде ыдыратылыш кету;
--жанасулық цитолиз, мәселен, Т-жендет жасушалары аллергені бар жасушамен жанасудан перфорин атты нә қабықтарында көптеген тесіктердің пайда болуына әкеледі және эндонуклеаза ферменттерін әсерлендіріп, апоптозды эсерлендіреді. Макрофагтар цитокиндер шыгарып және лизосомалык ферменттерінін катысуымен жасушаларды ерітеді.