үшінші - патофизиологаялык бузылыстар сатысы. Иммундык серпілістер сатысында организмде белгілі антигенге (аллергенге) арнайыланған антиденелер немесе сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер өндіріледі. Организмге енген антиген терінің немесе шырышты кабықтардың дендриттік жасушаларымен жүтылып, өндеуден өтеді және лимфоидтык ағзаларға тасымалданады. Онда CD4T корепепторлары бар Т-хелпер жасушаларымен үлкен тін үйлесімділік кешені молекуласьның құрамындағы антигендік петидті таныстырады. Сол себепті дендриттік жасушаларды т.б. макрофагтарды антигенді таныстыратын жасуша (AТЖ) — деп атайды. Осыдан Т.0 жасушаларының өсерленуі болып, олар Т,1 немесе Т2 жасушаларына айналады. T1 жасушалары интерлейкин-2, g-интерферон, лимфотоксин өндіріп шығарады. Т.2 жасушалары интерлейкин 4,5, 10, 13 бөліп шығарады. Осыған байланысты Т.1 жасушалары эсерленгенде аллергені бар нысана жасушаларга уытты әсер ететін CD8* корецепторы бар цитотоксиндік Т-жендет жасушалары және БДЖС дамуына жауагты сезімталдығы көтерілген Т-жасушалары өндіріледі. Т.2 жасушалары әсер- ленуден интерлейкин-4 В-лимфоциттеріне эсер етіп, олар иммундык глобулиндер түзетін плазмалық жасушаларға айналады. Осыдан IgM, lgG, 1gA, IgE тузіледі. Иммуноглобулиндердің біразы В-лимфоцитерінің сырткы беттеріне жабысып, антигенді танитын кызмет аткарады. Калғандары қанда бос күйінде больш, арнайыланған антиденелердің міндетін орындайды. Олар езгермейтін түрақты F және антигенге арнайыланған, соған сәйкес езгеріп туратын F бөлшектерінен тұрады.
Бул сатыны сенсибилизация (лат. sensibillis - сезімтал) деп атайды.
Сенсибилизация-деп организмге аллерген енгеннен кейін оның сезімталдығының біртіндеп көтерілуін айтады. Сенсибилизация белсенді немесе енжар болуы мүмкін. Белсенді сенсибилизацияантиген енгеннен кейін оған жауап ретінде oрганизмнің өзінің иммундық жүйесінің қатысуымен дамиды. 10-14күннен кейін пайда болаы.
Енжар сенсибилизация сау жануарларға белсенді сенсибилизацияла-нған жануарлардың қан сарысуын немесе сезімталдығы көтерілген лимфоциттерін енгізгенде дамиды. 18-24 сағаттан кейін байқалады.