Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет29/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

246 – сурет. Бауыр, он екі елі ішек және ұйқы безі.
1 – бауырдың оң үлесі; 2 – тәждік байлам; 3 – сол үшбұрышты байлам; 4 – бауырдың сол үлесі; 5 – орақтәрізді байлам; 6 – бауырдың жұмыр байламы; 7 – бауырдың жалпы түтігі; 8 – жалпы өт түтігі; 9 – ұйқы безінің түтігі; 10 – ұйқы безінің құйрығы; 11 – ұйқы безінің денесі; 12 – он екі елі – ащы ішек иілісі; 13 – он екі елі ішектің жоғарылаған бөлігі; 14 – ұйқы безінің басы; 15 – он екі елі ішектің горизонталды бөлігі; 16 – он екі елі ішектің төмендеген бөлігі; 17 – мықын ішек; 18 - қаптық түтік; 19 – өт қап; 20 - оң үшбұрышты байлам.


Артқы жиегі, margo posterior, доғалдау болып келеді. Көкеттік беті, көкеттің күмбезіне сәйкес, дөңес болады. Көкеттен және іш қуысының алдыңғы қабырғасынан, осы бетке сагитталды жазықтықта орналасқан ішастардың туындысы, орақтәрізді байлам, lg. falciforme, барады. Ол бауыр бетін оң және сол үлестерге, lobus hepatis dexter et lobus hepatis sinister, бөліп, артынан фронталды жазықтықта орналасқан тәждік байламға, lig. coronarium, ұласады, ал тәжді байламның шеттері оң және сол үшбұрышты байламдармен, lig.triangulare dextrum et sinistrum, аяқталады. Бауырдың сол үлесінің жоғарғы бетінде жүректің ізі бар, ол жүректік батыңқы, impressio cardiaca,деп аталады.
Висцералды беті ойыстау болып келеді де, бауырды төрт үлеске бөлетін үш жүлге өтеді. Сагитталды бағытта өтетін екі: оң және сол жүлгелер, бір-бірімен терең көлденең жүлге, бауыр қақпасы, porta hepatis, арқылы байланысады. Осы сагитталды жүлгелер арасындағы бөлік, бауыр қақпасымен екі үлеске: алдыңғы – шаршы үлеске, lobus quadratus, артқы – құйрықты үлеске, lobus caudatus, бөлінеді
Висцералды беттегі сол сагитталды жүлге, көкеттік беттегі орақ тәрізді байламмен бірге, бауырды оң және сол үлестерге бөледі. Осы жүлгенің бауыр қақпасының алдында орналасқан бөлігі – жұмыр байлам саңылауы, fissura ligament teretis, артындағысы – веналық байлам саңылауы, fissura ligamenti venosi, деп аталады.
Алдыңғы саңылауда, жұмыр байлам, lig.teres hepatis, жатады, ол эмбриондық даму кезінде қызмет атқарған кіндік венасының қалдығы - туылғаннан кейін, бұл вена бітеліп кетеді де, жұмыр байлам деп аталады. Артқы саңылауда, бітеліп қалған веналық түтік ( Аранций түтігі) орналасады. Ол эмбриондық даму кезінде кіндік венасын төменгі қуыс венамен қосып тұрады. Оң сагитталды жүлгенің алдыңғы бөлігі – өт қап шұңқыры, fossa vesicae felleae, (онда өтқап жатыр), ал артқы бөлігі аттас вена өтетін, төменгі қуыс вена жүлгесі, sulcus venae cavae inferioris, деп аталады.
Бауыр қақпасы арқылы: қақпа венасы, бауыр артериясы, нервтер кіреді, жалпы бауыр түтігі мен лимфа тамырлары шығады. Олар кіші шарбының ішінде орналасады. Бауырдың висцералды бетінің көршілес ағзаларға жанасып жатуына байланысты, батыңқылар түзіледі. Сол үлесте – асқазандық батыңқы, impressio gastrica, оң үлесте - бүйректік, impressio renalis, бүйрекүстілік, impressio suprarenalis, жиек ішектік, impressio colica, он екі елі ішектік батыңқылар, impressio duodenalis, ажыратылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет