Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология


Бауырдың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы



бет32/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Бауырдың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: бауырдың меншікті артериясы. Бауырдың қандануының ерекшелігі: бауырға артериядан басқа, қақпа венасы кіреді. Бұл вена арқылы ішекте сіңірілген қоректік заттар, бауыр арқылы өтіп залалсыздандырылады. Веналары: бауыр веналары арқылы төменгі қуыс венаға құйылады. Лимфа тамырлары: көкеттік жоғарғы, төсжанындағы, бауырлық , құрсақ, белдік лимфа түйіндері арқылы өтеді . Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өрімінен кететін бауырлық өрім тармақтары.
ӨТ ҚАП


Өт қап, vesica fellea (грекше – cholecystis), бауырдың астында, аттас шұңқырда жатады. Бауырдан шығатын өт, он екі елі ішекте ас қорыту үдерісі жоқ кезде, өт қапта жиналады. Өт қаптың үш бөлігін ажыратады. Өт қаптың түбі, fundus vesicae felleae,бауырдың төменгі жиегінен аздап шығып тұрады да, оң қабырға доғасы мен іштің тік бұлшықетінің оң жиегінің қиылысқан жеріне сәйкес келеді ( 251 – сурет ).





251 – сурет. Өт қап, өт түтіктері.
1 – өт қаптың түбі; 2 – өт қаптың денесі; 3 – шырышты қабық; 4 – қаптық түтік; 5 – бауырдың жалпы түтігі; 6 – жалпы өт түтігі; 7 – қаптық түтіктің қатпарлары; 8 – өт қаптың мойны.

Өт қаптың ортаңғы бөлігі - денесі, corpus vesicae felleae, жіңішкеріп барып – мойнына, collum vesicae felleae, жалғасады. Өт қаптың мойны, қаптық түтікке, ductus cysticus,өтеді. Қаптық түтік төмен жүріп бауырдың жалпы түтігімен, ductus hepaticus communis, қосылады да, жалпы өт түтігін, ductus choledochus, құрайды. Жалпы өт түтігі, бауыр-он екі елі ішек байламының ішінде, қақпа венасының оң жағында орналасып, төмен түседі де, он екі елі ішектің төмендеген бөлігі мен ұйқы безі басының аралығымен өтеді. Одан кейін он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасында жалпы өт түтігі, ductus choledochus, пен ұйқы безінің түтігі, ductus pancreaticus, бір – бірімен қосылып, үлкен бүртікке ашылады ( 252 – сурет ).




252 – сурет. Бауыр мен ұйқы безінің шығаратын түтіктері.
1 – өт қап; 2 – қаптық түтік; 3 – бауырдың жалпы түтігі; 4 – жалпы өт түтігі; 5 – ұйқы безінің түтігі; 6 – он екі елі ішек
Өт қаптың ұзындығы 7 – 12 см, ені 3 – 5 см, сыйымдылығы 30 – 60 см3 шамасында болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет