Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет33/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Өт қаптың қабырғасы: шырышты қабық, tunica mucosa, шырышасты негізі, tela submucosa, бұлшықеттік қабық, tunica muscularis, сірліасты негізі, tela subserosa, және сірлі қабықтардан, tunica serosa, құралған. Шырышты қабықта ұсақ қатпарлар, өт қаптың мойнында иірмелі қатпар, plica spiralis, орналасқан. Сірлі қабық өт қаптың іш қуысына қараған төменгі және бүйір беттерін жауып жатады, ал, қаптың түбі интраперитонеалды орналасады.
Өт қаптың тамырлары мен нервтері. Қанмен қамтамасыздануы: бауырдың меншікті артериясынан кететін өт қаптық артерия. Веналары: өт қаптық вена қақпа венасына құйылады. Лимфа тамырлары: өт қаптық, бауырлық , құрсақтық, белдік лимфа түйіндері арқылы өтеді . Н е р в т е н у і: парасимпатикалық нервтенуі – кезбе нервтер, симпатикалық нервтенуі – құрсақ өрімінен кететін бауырлық өрім тармақтары.

ҰЙҚЫ БЕЗ
Ұйқы без, pancreas, аралас без, массасының негізгі бөлігі экзокринді қызмет атқарып, ас қорытуға қатынасатын ферменттер өндіреді (трипсин, липаза және т.б.). Эндокринді бөлігі инсулин, глюкагон гормондарын өндіреді. Ұйқы без, ішастардың артында, іш қуысының артқы қабырғасына жанасып жатады. Ол, құрсақүсті және сол жақтағы қабырғаасты аймағына проекцияланады. Пішіні сопақша, ұзындығы 16-20 см, ені 4 см және қалыңдығы 2-3 см, дене, салмағы 70-80 г шамасында болады. Ұйқы бездің басын, caput pancreatis, денесін, corpus pancreatis, және көкбауырға түйісіп жатқан жіңішкелеу бөлігі ұйқы без құйрығын, cauda pancreatis, ажыратады (253 – сурет).





253 – сурет. Ұйқы безі және он екі елі ішек. Жалпы өт түтігі мен ұйқы безі түтігінің топографиясы; артқы көрінісі.
1 – бауырдың жалпы түтігі; 2 – қаптық түтік;; 3 – өт қаптың мойны; 4 – өт қаптың денесі; 5 – жалпы өт түтігі; 6 – өт қаптың түбі; 7 – он екі елі ішек; 8 – жалпы өт түтігінің қысқышы; 9 – ұйқы безінің түтігі және оның қысқышы; 10 – бауыр – ұйқы без ампуласының қысқышы; 11 – ішастар; 12 – ұйқы безінің басы; 13 – шажырқайлық жоғарғы вена; 14 – шажырқайлық жоғарғы артерия; 15 – ұйқы безінің құйрығы; 16 – ұйқы безінің денесі; 17 – көкбауыр артериясы; 18 – қақпа венасы.

Ұйқы бездің басы он екі елі ішекке жанасып жатады да, I - III бел омыртқалары деңгейінде орналасады. Оның төменгі жағында, солға бағытталған ілмектәрізді өсіндісі, processus uncinatus, ажыратылады. Басының денесіне өтетін жері жіңішкелеу болады да, мойны, collum pancreatis, - деп аталады, Мойынның төменгі жағында ұйқы без тілігі, incisura pancreatis,орналасады. Бұл тілікте шажырқайлық жоғарғы артерия және вена өтеді. Осы жерде шажырқайлық жоғарғы вена көкбауыр венасымен қосылып, қақпа венасын құрайды. Ұйқы без денесінің үш беті: алдыңғы беті, facies anterior, төменгі беті, facies inferior, және артқы беті, facies posterior, бар. Оларды жоғарғы, алдыңғы және төменгі жиектері бөліп тұрады. Ұйқы бездің басының алдында асқазан, артында қақпа венасы орналасқан. Денесі, I бел омыртқасының деңгейінде орналасқан, алдында - асқазан, артында - іш қолқасы мен төменгі қуыс вена жатады.Алдыңғы жиегіне, көлденең жиек ішектің шажырқайы бекиді. Төменгі беті көлденең жиек ішек пен аш ішекке жанасады Ұйқы без құйрығы XI – XII кеуде омыртқалары деңгейінде орналасады да, көкбауырдың ішкіағзалық бетімен түйісіп жатады.


Ұйқы без экстраперитонеалды орналасқан, ішастар оның алдыңғы бетін жауып жатады. Оның астында жұқа қапшығы, capsula pancreatus, орналасады. Ұйқы бездің экзокринді бөлігі күрделі көпіршік – түтікті без болып келеді. Оның құрылымдық – қызметтік бірлігі - ацинус деп аталады. Ол шығаратын түтігі бар, бездік эпителийдің шағын тобынан түзілген. Ацинустар қосылып үлесшелерді түзеді. Үлесшелердің шығаратын түтіктері ұйқы без түтігіне (Вирзунг түтігіне), ductus pancreaticus, ашылады. Түтік құйрығынан басталып, басына дейін, бездің ортасымен – артқы бетіне жақындау өтеді. Одан кейін он екі елі ішектің төмендеген бөлігінің медиалды қабырғасында ұйқыбез түтігі мен жалпы өт түтігі бір – бірімен қосылып, үлкен бүртікке ( Фатер бүртігіне ), ашылады. Қосылатын жердің алдында ұйқы без түтігін қысатын бұлшықет, m.sphincter pancreatici, орналасады. Үлкен бүртікті аталған екі түтіктің бір – бірімен қосылуынан пайда болған бауыр – ұйқы без ампуласы, ampulla hepatopancreatica, түзеді. Оның қабырғасында бауыр – ұйқы без ампуласының қысқышы (Одди қысқышы), m.sphincter ampullae hepatopancreaticae,орналасады.
Көп жағдайда ұйқыбездің басында ұйқы бездің қосымша түтігі, ductus pancreaticus accessorius, түзіледі де, он екі елі ішектегі кіші бүртікке, papilla duodeni minor, ашылады. Сирек жағдайда қосымша ұйқы без, pancreas accessorium, кездеседі.
Ұйқыбездің эндокринді бөлігі, эпителийлік жасушалардың (эндокриноциттердің) кішкене топтарынан тұратын ұйқы без аралшықтарынан (Лангерганс аралшықтарынан), insulae pancreaticae, түзілген. Негізінен ұйқы бездің құйрығында орналасатын олардың жалпы массасы 0,8 – 2,5 г. аралығында болады. Лангерганс аралшықтары көмірсу алмасуын реттеуге қатысатын инсулин және глюкагон гормондарын өндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет