Ішкі ағзалар туралы ілім спланхнология



бет36/39
Дата16.10.2023
өлшемі7,91 Mb.
#185855
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Байланысты:
Ас қорыту Соңғы түрі20.08.21.

Үлкен шарбы организмде қорғаныс қызметін атқарады. Мысалы, іш қуысы ағзаларының қабынуына немесе бөгде заттарды алып тастауға арналған операциялар кезінде, үлкен шарбының жиырылып, қапшық сияқты қабыну аймағын шектеп тұрғанын көруге болады.
Үлкен шарбының артқы табақшасы одан әрі жоғары көтеріліп, көлденең жиек ішектің шажырқайының үстінде орналасады. Оның осы бөлігі шажырқаймен тұтасады. Одан кейін артқы табақша ұйқы бездің алдыңғы жиегіне келіп, екіге бөлінеді. Алдыңғы жапырақшасы ұйқы бездің алдыңғы бетін жабады да, жоғары көтеріліп, көкетке баратын – іш қуысының артқы қабырғасының париеталды ішастарына жалғасады. Ал, артқы жапырақшасы көлденең жиек ішек шажырқайының жоғарғы жапырақшасына өтеді де, көлденең жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайының төменгі жапырақшасына өтеді. Одан кейін париеталды ішастар, іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, аш ішекті жауып, оның шажырқайын құрады. Шажырқай аш ішекті бекітіп, белгілі бір қалыпта ұстап тұрады. Шажырқайдың артқы табақшасы іштің артқы қабырғасымен төмен жүріп, кіші жамбас қуысына өтеді де, оның кейбір ағзаларының сірлі қабығын құрайды. Одан кейін, ішастар іштің алдыңғы қабырғасына барады.
Енді, іштің алдыңғы қабырғасының париеталды ішастарының көлденең бағыттағы жүру жолын оң жағынан бастап қарастырайық ( 254 – сурет ).


254 – сурет. Тұлғаның көлденең кесіндісі арқылы көрсетілген ішастардың топографиясы.
1 – висцералды ішастар; 2 – париеталды ішастар; 3 – аш ішектің шажырқайы; 4 – аш ішектің интраперитонеалды орналасуы; 5 – жоғарылаған жиек ішектің мезоперитонеалды орналасуы; 6 – бүйректің экстра( ретро)перитоналды орналасуы; 7 – ішастар қуысы.
Ішастар оңға жүріп, іштің бүйір, одан кейін артқы қабырғасын жабады. Ол жерден жоғарылаған жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, соқыр ішек пен құрттәрізді өсінді интраперитонеалды орналасады. Ішастар солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан соң, аш ішек шажырқайының оң табақшасына өтеді де, ащы және мықын ішектерді интраперитонеалды жауып, аш ішек шажырқайының сол табақшасына өтеді. Бұл табақша париеталды ішастарға ауысады, ол солға жүріп, іштің артқы жағында орналасқан кейбір ағзаларды экстраперитоналды жабады. Одан кейін, төмендеген жиек ішекке өтіп, оның оң бүйірін, алдыңғы қабырғасын және сол бүйірін – мезоперитонеалды жабады. Ал, сигматәрізді жиек ішекті интраперитонеалды жауып, оның шажырқайын түзеді. Париеталды ішастар сол жаққа қарай – іштің артқы және бүйір қабырғаларын жауып, оның алдыңғы қабырғасына келеді.
Шажырқайлар, ішастардың іш қуысының қабырғасынан ағзаларға өтіп, оларды белгілі бір қалыпта ұстап тұратын, бекіткіш бөлігі. Оның екі табақшасының ішінде тамырлар мен нервтер өтеді.
Ішастар қуысы шартты түрде үш қабатқа (бөлімге) бөлінеді. Жоғарғы қабатты, жоғарғы жағынан – көкет, төменгі жағынан – көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы шектеп тұрады. Ортаңғы қабат, жоғарғы жағынан - көлденең жиек ішек пен оның шажырқайы, төменгі жағынан – кіші жамбас қуысы аралығында орналасады. Төменгі қабат кіші жамбас қуысына сәйкес келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет