Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл


Портальдық гипертензия синдромы



бет261/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Портальдық гипертензия синдромы.Бұл синдромның пайда болуы әр түрлі себептерден болады-бауыр веналары, әсіресе төменгі қуыс веналарындағы қан ағысының бұзылуымен тікелей байланыста болады, ал бұл қақпа венасындағы қысымның жоғарылауы-портальдық гипертензия деп аталады.
Клиникалық симптомдары коллатеральдық қан айналымның пайда болуы варикозды кеңіген коллатеральдардан қан кету, бауыр шемені, көк бауырдың үлкеюі.Қазіргі кезде бауырдан тыс портальді гипертензияны екі түрге бөледі:егер де кедергі қақпа венасының бағанасында немесе оның ірі тармақтарында орналасса, онда бұл бауырастылық түрі болып табылады, ал егер кедергі бауыр веналарының өзінен тыс бөлімдерде орналасса, бұл бауырүстілік деп аталады.
Клиникалық көріністері.Портальдық гипертензияның бауырас­тылық формасы шеменнің ерте пайда болуымен, бауыр тұсындағы ауырудың сезілуімен , бауырдың үлкеюімен сипатталады.
Бауырүстілік портальдық гипертензияның негізгі симптомы-көк бауырдың үлкеюі, әдетте бауыр ұлғаймаған. Бұл түрі баяу, бірқалыпты дамиды, бұл кезде өңеш пен асқазаннан қан кетуі мүмкін.
Бауырішілік портальдық гипертензия алғашқы симптомдары асқазанның өзгерісінсіз болатын диспепсиялық синдром, метеоризм, іш өту, арықтау. Портальдық гипертензияның бұл формасының соңғы симптомдары –шеменнің дамуы, көкбауырдың ұлғаюы, веналардың варикозды кеңеюі.Бұның бауырүстілік формасынан айырмашылығы – кеңейген веналардан қан кетуі бауыр функциясының кенеттен нашарлауына әкеліп соғады.Көкбауыр үлкейеді.
Портальдық гипертензияның асқынуы:

  • портальдық криз-қақпа венасында қан қысымының күрт жоғарылауы.

  • өңеш веналарынан қан кету

  • гепаторенальдік синдром (бүйрек ишемиясының және гиповолемияның салдарынан болатын).Олигурия, азотемия тән.

  • спонтанды бактериялық асцит-перитонит

  • қақпа венасының тромбозы

  • биллиарлық циррозда өт қабында және өт түтіктерінде тас түзілуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет