Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет263/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

С
ҰРАСТЫРУ



Шағымдары:
Бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастардың шағымдары. Гепатобилиарлық жүйенің зақымдалуымен зардап шеккен науқастар келесі шағымдарды айтады:
1. оң жақ қабырға тұсында ауырсыну, ауырлық сезіну (ауырсыну синдромы);
2. тәбеттің төмендеуі, ауызға ащы дәмнің келуі, жүрек айну және құсу (бауырлық диспепсия синдромы);
3. іштің көлемінің үлкеюі;
4. тері жамылғысы мен кілегей қабықтардың сарғаюы, зәр түсінің өзгеруі (“сыра түстес зәр”) , нәжіс түсінің ағаруы, терінің қышуы (сарғаю синдромы);
5. “кофе тәрізді” құсық, алқызыл қанды қара, ботқа тәрізді нәжіс.
6. терідегі қан ұюлар, қызыл иектің қансырауы мұрынның қанағыштығы (геморрагиялық синдром).
7. жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, жұмысқа қабілетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуы тітіркенгіштік, депрессиялық жағдайлар және т.б. (астеноневротикалық синдром);
8. арықтау немесе керісінше артық дене салмағының болуы;
9. дене қызуының жоғарылауы;
Ауырсыну –бұл бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастардың негізгі субъективті белгілері болып келеді. Ауырсыну қабыну инфильтрациясының түріне байланысты бауырдың үлкеюінде, өт қабында өттің немесе қанның жиналып қалуы, соның нәтижесінде глиссон капсуласының керілуі, өт қабында және өт шығару жолдарының қабыну процесінде және оның спастикалық жиырылуында пайда болады.
Гепатит ауруы кезінде оң жақ қабырғада сыздап ауырсыну болады және жиі майлы қуырылған тағамдарды қабылдағаннан кейін күшейіп, жылы басқаннан кейін басылатын ауырсыну болады.
Өт тасы ауруы кезінде тастың орнынан қозғалуына және таспен бітелуіне байланысты , күшті, жедел және қысып ауырсыну болады (өт коликасы).
Жиі ұстама тәрізді , әсіресе кешкілік майлы, ащы тағам қабылдағаннан кейін бірнеше минуттан бірнеше сағатқа немесе бірнеше күнге созылатын ауырсыну болады. Ауырсыну оң жақ бұғана, оң жақ жауырынға, арқаға, кейде жүрек аймағына беріліп, жиі жүрек айнумен сирек жағдайда өт аралас құсумен жүреді және құсқаннан кейін науқастың жағдайы жақсармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   259   260   261   262   263   264   265   266   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет