Бауыр және өт жолдарының ауруы бар науқастарда “тамыр жұлдызшаларын” биіктігі 1мм-ден диаметрі 1см дейін, ореоланың айналасында майда капиллярлары бар телеангиоэктазияларды байқауға болады. Жиі науқастың кеуде клеткасында (алдында, арқасында, иықтарында) қолдарында және бетінде болады. Көп жағдайда созылмалы активті гепатитте және бауыр циррозында кездеседі.
Бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастарда май алмасуының бұзылысына байланысты эпидермистің астында холестерин жиналып, көздің бұрыштарында, қабақтың терісінде әр түрлі көлемді, дөңгелек пішінді теріден сәл көтеріліп тұратын түзілістер болады.
Созылмалы гепатиттің, біріншілік билиарлы бауыр циррозында, өт тасы ауруында,өт жолдары таспен бітелгенде, науқастың терісі қатты қышиды және терісінде қасыған іздер болады.
Созылмалы гепатит, бауыр циррозымен ауыратын науқастарда гепатоцеллюлярлы жеткіліксіздігіне байланысты теріде геморрагиялық, немесе әр түрлі пішіндегі тері астылық қан құюлар, көгерулер пайда болады.
Ерте жаста пайда болған бауыр циррозында науқаста инфантилизм белгілерін табуға болады, яғни ұл балаларда және қыздарда физикалық және жыныстық жетілмей қалуы. Ерлерде сүт бездерінің үлкеюі (гинекомастия) байқалады.
Бауыр циррозы мен созылмалы гепатитте науқаста “бауыр алақанын” анықтайды, яғни thenar мен hypothenar-да дақ тәрізді гиперемиялар болады.
Сонымен қатар қол басы саусақтары “дабыл таяқшасы” түрінде болады.