Өмір тарихы (anamnesis vitae)
Бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастардың этиологиясында (себебі) әр түрлі алиментарлық факторлар маңызды роль атқарады. Қуырылған, майлы тағамдарды жиі қолдану, дәрумендер мен ақуыздың жеткіліксіздігі, тұрақты тамақтанбау, алкогольды жиі тұтыну- негізгі факторлар болып табылады. Науқаста бұрын соңды саңырауқұлақпен улану болды ма, соны анықтау керек. Бұрын соңды инфекциялық аурулармен (лямблиоз, іш сүзегі, малярия, вирусты гепатитпен) ауырды ма?
Міндетті түрде кәсіптік зияндылықтарды анықтау қажет (төртхлорлы көміртегі, гексан және басқа да көмірсутектер, лак, краска, мыс, мырыш, фосфордың байланысуы).
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Науқасты жалпы қарағанда дене бітіміне, есіне, тері жамылғысы мен кілегей қабықтардың жағдайына, көздің склерасына, аяқ-қолдарға мән беруі керек.
Бауыр аурулары бар науқастарда дене бітімінің кез келген типі кездесуі мүмкін, ал билиарлы патологияда (жиі өт тасы ауруы) гиперстеникалық тип жиі кездеседі.
Сананың бұзылуы –жедел токсикалық және созылмалы гепатитте және бауыр циррозының терминалды кезеңінде бауыр жеткіліксіздігі дамығанда науқаста сананың бұлыңғырлануы, ступор (терең кереңділік), сопор (терең ұйқы) немесе кома байқалады.
Тері жамылғысын қарағанда бауыр және өт жолдарының аурулары бар науқастарда сарғаю “тамыр жұлдызшалары”, ксантомалар, ксантелазма, геморрагиялық бөртпелер және басқа да белгілерді анықтау керек.
Сарғаю шынайы және жалған болады. Шынайы сарғаю қанда билирубин көбейіп кеткенде болады. Тері жамылғысы, кілегей қабықтар және көздің склерасы сарғаяды. Жалған сарғаю ағзаға органикалық (каротиндер) және органикалық емес заттар (пикрин қышқылы, дәрі-дәрмектер (акрихин)) түсуінде болады. Бірақ жалған сарғаюда көздің склерасы боялмайды.
Шынайы сарғаюды: бауырлық, бауырастылық және бауырүстілік деп бөледі. Бауырүстілік сарғаюда көздің склерасы, тері жамылғысы лимон-сары түстес болады. (flavin icterus).
Бауырлық сарғаюда (паренхиматозды) тері жамылғысы мен көздің склерасы қызғылт-сары (rubin icterus) түсті болады. Бауырастылық сарғаюда (механикалық) тері жамылғысы жасыл сарыдан (verolin icterus) қоңыр-қола (melas icterus) түстес болады. Сарғаю аурудың субъективті-объективті белгілері болып табылады және сұрастыру кезінде несептің, нәжістің түсін, терінің қышуын анықтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |