Бауыр циррозында- бауырдың көлемі үлкейеді немесе кейде кішірейеді. Паренхима құрылымы біртекті емес, эхогенділігі күшейген. Қан тамыр суреті күшейген. v. portae диаметрі 12мм-ден көп болады (портальды гипертензияның белгілері). Талақ үлкейіп, v.lienalis кеңейеді.
Өт-тасы ауруында-өт қабы мен өт жолдарындағы құрылымы эхопозитивті, көлемдері әр түрлі эхокөлеңкелер анықталады.
Холециститте- өт қабының контуры біртекті емес, қабырғасы тығыздалған, диффузды қалыңдаған 4мм-ден көп, қосарланған контурлы болуы да мүмкін.
Холангитте- өт жолдарының қабырғасы қалыңдаған , қисайған.
Достарыңызбен бөлісу: |