Спленопортография- талақ пен қақпа венасының бауыр ішіндегі тармақтарына контрасты зат егіп, рентгенография жасайды. Ол үшін талаққа триобрастың 60% ерітіндісінің 40-50мл жібереді. Спленопортография асциті бар бауыр циррозында портальды гипертензияны азайту үшін және қақпа венадан төменгі күре тамырға қан ағуының бағытын өзгертетін шунт жасайтын операцияда қолданылады.
Целиакография- бауырдың артериялды жүйесін зерттейтін тәсіл . Катетер құрсақ артериясына сан артериясы арқылы жіберіліп, аортаның құрсақ бөлігіне барғанда, контрасты дәрі енгізіледі. Бұл тәсіл арқылы бауырдың бауырдың ісіктерін, абсцесін анықтауға болады.