Пероральды холецистография – контрасты затты-билитраст немесе холефид- науқасқа кешке жеңіл тамақтан кейін беріледі. Ішекте сіңіріліп, бұл зат бауырға барып, өтпен өт қалтаға бөлінеді. Таңертең аш қарынға өт қалтаның рентгенографиясы жасалынады. Бірнеше рет жасалған рентген суретінде өт қабының қозғалу функциясын, оның көлемін, формасын, тастың бар-жоқтығын зерттейді.
Көк тамырлы холеграфиясында 20% билигност ерітіндінің 30-40 мл көк тамырға егеді. 5-10минуттан кейін өт жолдарын рентгенге түсіреді. Холеграфия әдісінің көмегімен өт жолдарының өткізгіштік жағдайын білуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |