СТАНДАРТ Бауыр перкуссиясының техникасы 1. әуелі жоғарыдан төменге қарай оң жақтағы бұғана ортасы сызық бойымен анық дыбыстың тынық дыбысқа ауысқан жерін белгілеңіз (бірінші нүкте).
2. содан кейін осы сызық бойымен кіндіктен жоғары қарай перкуссиялаңыз, тынық дыбыс пайда болған жерді белгілеңіз, аралық бауырдың оң бөлігін қамтиды.
3. Үшінші нүкте төстің семсерше тәрізді өсіндісінің тұсында дененің ортаңғы сызық бойына қойыңыз.
4. Сосын сол сызық бойымен кіндіктен жоғары перкуссиялаңыз, тынық дыбыс пайда болған жерінде төртінші нүкте қойыңыз. Бұл нүкте аралығы 7-9 см тең болады.
5. Үшінші нүктеден сол қабырға иіні бойымен перкуссиялаңыз, ішек дыбысы пайда болған жерді белгілеңіз (бесінші нүкте). Бұл нүкте аралығы 6-8 см тең болып, бауырдың сол бөлігін қамтиды.