Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
7.4B Күш моменті
|
Мектеп: Ю. А. Гагарин атындағы мектеп - лицейі
|
Күні: 15. 11. 19
|
Мұғалімнің аты-жөні: Жекебай А.
|
Сынып: 7
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Практикалық жұмыс № 22. Сапалық және сандық есептер шығару
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.2.4.4– тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану
|
Сабақтың мақсаты
|
1.Жай механизмдердің түрлерін атап, қолданылуы мақсатын, күш иіні, моменті ұғымдарын сипаттайды;
2. «Механиканың алтын ережесі» негізінде жай механизмдерді қолданғанда күштен қанша ұтыс беретінін анықтай алады;
3. Тепе-теңдікте тұрған денелер үшін күш моменттер ережесін тұжырымдау және есептер шығаруда қолданады.
|
Бағалау критерийі
|
1.Жай механимзнің түрлерін, күш моментін анықтайды;
2.Жай механимздерді қолданғандағы күштен ұтысты қорытады;
3.Иіндіктің тепе – теңдік шартын есеп шығаруға қолдана алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Жай механизм, иіндік, блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұранда, күш иіні, күш моменті, жазық бет, масса центрі, салмақ, сағат тіліне қарсы, сағат тілімен бағыттас, тепе-теңдік (баланс)
Егерде сіз … жасайтын болсаңыз, мен … жасаймын.
Келіңіздер алдымен … жасап алайық, сосын біз … жасай аламыз.
… жасауға қалай қарайсыздар?
Егерде біз…, не болады?
Мен сізбен келісемін/келіспеймін.
Осы идея/ұсыныс жақсы.
|
|
Құндылықтарға баулу
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы
|
Пәнаралық байланыс
|
Алгебра, геометрия, информатика, технология.
|
Алдыңғы білім
|
Жай механизмдер, механиканың «Алтын ережесі», жұмыстар теңдігі туралы заң немесе энергия сақталу және түрлену заңы;
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |