СТАНДАРТ Абдоминалдық пункцияның жасау техникасы Мақсаты: диагностикалық және емдік
Көрсетпе: бауыр циррозы.
Қарсы көрсетпе:артериалдық гипертензия, жүктілік, метеоризм.
Жабдықтау: 1. зарарсыздандырылған троакар
2. ұзындығы 1м дейін резеңке түтік
3. жергілікті анестезия жасауға арналған шприцтер мен инелер
4. пинцеттер 2 дана
5. қысқыш
6. леген
7. лоток – 2 дана
8. 0,25% - 0,5% новокаин
9. зарарсыздандырылған пробиркалар
10. 96% спирт
11. құрамында йод бар антисептиктер (1% йодонат, 1% йодопирин)
12. зарарсыздалған таңу заттары (шариктер, пеленкалар, салфеткалар)
13. жабыстырғыш
14. зарарсыздандырылған резеңке қолғаптар.
Осы іс-әрекетке байланысты дамитын проблемалар: 1. процедурадан қорқу
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1. пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету, керектігін түсіндіріп және оның қауіпсіздігін айтып, психологиялық дайындық жүргізіңіз және өту барысын түсіндіріңіз.
2. кешке пациентке тазалау клизмасын қойыңыз.
3. процедура алдында пациент қуықты босату керек.
4. манипуляцияға 30 минут қалғанда дәрігердің нұсқауы бойынша тері астына 2% промедол 1мл мен 0,1% атропин 0,5мл тері астына енгізіңіз.
5. науқасты беліне дейін шешіндіріп, орындықтың арқасына сүйеп, отырғызыңыз.
6. асцитикалық сұйықтық жинау үшін пациент аяқтарының арасына леген қойыңыз.
7. пункция жасайтын орынды екі рет 96% спиртпен өңдеңіз (немесе құрамында йоды бар антисептикпен және спиртпен). Пункцияны іштің орта жолағында кіндік пен қасаға аралығында (немесе кіндікті мықын сүйегінің жоғарғы алдыңғы қылқанымен жалғайтын орта жолақтан 5см ішке қарай) дәрігер жасайды.
8. пункция өткізетін орынға 0,25-0,5% новокаин ерітіндісімен анестезия жасаңыз.
9. теріні сол қолдың, екі саусағымен керіп, оны троакармен дәрігер теседі (кейбір жағдайда трокар кіргізу алдында скальпельмен теріні шағындап тіледі).
10. алдыңғы іш перденің қабырғасын тескесін (пункцияны абайлап жасайды, іш құрылыс мүшелеріне зақым келтіріп алмау үшін) істік басты мандренді алып шығады, ал сұйықтық кедергісіз аға бастайды.
11. бірнеше миллилитр сұйықтық зарарсыздандырылған пробиркаға зерттеу үшін алыңыз.
12. сосын троакарға резеңке түтік кигізіңіз де оның шетін легенге тастаңыз.
13. сұйықтықты ақырын жіберіңіз, бұл үшін резеңке түтікке әлсін-әлсін қысқыш қойып отырыңыз.
14. сұйықтық шығарған кезде іш қуысындағы қысым күрт төмендеп кетеді. Бұл қан ағуының тез өзгеруіне әкеледі де және кейде коллапс дамиды. Бұдан алдын-ала сақтану үшін сұйықтықты шағару уақытында ішті орамалмен таңып тастаңыз.
15. сұйқтықты шығарғаннан кейін трокарды дәрігер шығарып алады да, ал сіз пункция орнын құрамында йод бар антисептикпен өңдеңіз және пластырьмен желімдеңіз.