Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет285/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Өткір іш синдромы-құрсақ қуысындағы мүшелер зақымданғанда пайда болады.Оның негізгі симптомы-іштегі интенсивті ауру сезімі болып табылады. Бұл ауру сезімі шок шақыруы мүмкін. Бұл кезде құсу, іш өту немесе керісінше үлкен дәретке бара алмау, метеоризм болады.Бұл синдром жедел панкреатитке тән. Іштің пальпациясы кезінде ауырсыну, бұлшық еттердің тырысуы байқалады.


СҰРАСТЫРУ
Шағымдары:
1. ауырсыну
2. диспепсиялық шағымдар
3. сарғаю
4. әлсіздік
5. арықтау


Ауырсыну әр түрлі болуы мүмкін:

  • Ұстамалы (өт немесе бауыр коликасы) – майлы тамақ ішкеннен кейін 3-4 сағат соң пайда болады, әсіресе калькулезді панкреатитке тән белгі. Эпигастрий маңы, сол жақ қабырға асты ауырады, жауырынға тарайды. Ауырсыну шыдауға болмайтын өте күшті болады, спазмолитик пен наркотиктерден басылады.

  • Өткір ауырсыну жедел панкреатитке тән. Ішінің жоғарғы бөлігінде ауырсыну кенеттен пайда болып, белді айналып ауырады. Себебі – ұйқы безінің негізгі өзегі ісінуіне байланысты майда өзектерінде қысым көтеріліп, іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігуін тітіркендіреді.

  • Ұйқы безі басының рагінде оң жақ қабырға асты ауырады, арқаға тарайды, ал ұйқы безі басы мен құйрығының қатерлі ісігінде ауырсыну барлық эпигастрий, сол қабырға астын қамтып, белді айналып ауырады.Науқас шалқасынан жатқанда ауырсыну күшейеді, өйткені қатерлі ісік іш қуысындағы жүйкелердің тұтасып бірігіуін қысады, сондықтан науқас етпетінен шамалы тізеден бүгілген аяқты ішке тартып жатады.

  • Созылмалы панкреатитте эпигастрий аймағы сыздап немесе белді айналып ауырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   281   282   283   284   285   286   287   288   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет