Лоқсу және құсу рефлекторлы түрде жедел панкреатитте кездеседі. Созылмалы панкреатитте және ұйқы безінің қатерлі ісігінде диспепсиялық шағымдар ұйқы безінің ферментативтік функциясының бұзылуына байланысты болады (тәбеттің нашарлауы, майлы тамаққа жиіркенушілік болуы, жүрек айну, құсу, іш өтуі, іш кебуі, нәжісі жаман иісті, консистенциясы сұйық жылтыр, көлемі мол). Ішекте тамақ қорытылу бұзылуының әсерінен науқаста жүдеу және жалпы әлсіздік дамиды.
Сарғаюдың механикалық түрінің үдемелі дамуы, тері қоңыр-жасыл түсті болуы, қышыма мен қоса геморрагиялық бөртпелердің шығуы ұйқы безі басының қатерлі ісігінде кездеседі. Себебі: ұйқы безінің қатерлі ісігі өзінің ішінен өтетін жалпы өт жолдың соңғы бөлігін қысып қалып, өттің ағуына кедергі туғызады (Одди сфинктері).
ЖАЛПЫ ҚАРАУ
Ұйқы безінің ауруларында сарғаю, жүдеу, ал ұйқы безінің қатерлі ісігінде кахексияға дейін жүдеуі мүмкін.
Жедел панкреатитте науқастың толуы және терінің бозаруы байқалады.
Қантты диабетте тері құрғайды және серпінділігі төмендейді.
Ұйқы безінің сарысуында – ішінің жоғарғы бөлігі шығыңқы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |