Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет287/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ПАЛЬПАЦИЯСЫ
Жедел панкреатитте үстірт пальпация жүргізгенде эпигастрий аймағы керіліп ауырады, кейде сол қабырға асты немесе ұйқы безінің проекциясында ауырғандықты анықтауға болады (Кера симптомы).
Ұйқы безінің терең жататына байланысты пальпация жолымен оны табу қиындыққа соғады. Тек жүдеген сау адамда немесе құрсақ қуысының бұлшық еттері босаңсуы мен ішкі мүшелерінің төмен түсуінде де ғана қалыпты жағдайда ұйқы безін әйелдердің 4-5%, еркектерде 1-2% табуға болады.
Ұйқы безінің циррозында, қатерлі ісігінде немесе сұйықтық жиналғанда тығыздалған без оңай анықталады.
Ұйқы безінің пальпациясын таңертең ашқарынға, іш жүргізетін дәрілерден кейін Образцов-Стражеско тәсілі бойынша жүргізген жөн (науқас шалқасынан, оң бүйірінде немесе тұрған күйінде жүргізуге болады).

Ұйқы безінің пальпациясы:





а-науқас шалқасынан жатқанда; б-науқас оң бүйірінде жатқанда;


Техникасы: Дәрігер оң қолын алдын ала тапқан асқазанның төменгі шегінен 2-3 см жоғары қояды. Теріні шамалы жоғары ығыстырады, сосын дәрігер оң қолын науқас демді шығарған сайын іш қуысының ішіне аздап терең сұғу керек. Іш қуысының артқы қабырғасына жеткенде, дәрігер қолын жоғарыдан төмен қарай жылжытады.
Қалыпты жағдайда ұйқы безі көлденең орналасқан жұмсақ цилиндр тәрізді, диаметрі 1,5-3см, қимылсыз және ауырмайды. Ұйқы безіне пальпация жасағанда алынған мәліметті ақырын қорытындылау керек, өйткені ұйқы безінің асқазанның бір бөлігімен, көлденең тоқ ішекпен немесе лимфа түйіндерімен шатастыруға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет