Кешегі бабамызбен ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі шамамызбен де мақтана алатын ұлт болуды ойлауымыз керек Н.Назарбаев
Мақсатым: Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру,ойын тұжырымдату, қиялдату, ойын, өз пікірін еркін айтуға үйрету. Оқушыларды отан сүйгіштікке, туған жерді қорғауға тәрбиелеу.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.
Тәжірибені жүйеге келтірген
Джинни Л.Стил,
Куртис С.Мередит,
Чарльз Тэмпл.
Жобаның негізі Ж.Пиаже,
Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Технологияның мақсаты:
Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Ой-өрісін, тілін дамыту;
Шығармашылыққа баулу;
бір-бірінің пікірін тыңдауды үйрете отырып, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалау;
достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;
белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қалау.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасына негізделген сабақтар төмендегі үш кезеңнен тұрады.
қызығушылықты ояту,
мағынаны тану,
ой толғаныс
Қызығушылықты ояту « Сұрақ бәйге »
“Түртіп алу”,
“Ойлану”,
“Жұпта талқылау”,
“Болжау”,
І топ « Сұрақ бәйге »
І - топ: 1) Атмосфера, гидросфера, биосфера Жердің ........ қабаты (сыртқы);
2) Оңтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының аралығында ...... тақтасы орналасқан (Наска тақтасы);
3) Жер қыртысы бетінде су, жел, мұздық, т.б. сыртқы күштер әсерінен пайда болатын жыныстар ............... тау жыныстары деп аталады (шөгінді);
4) Жердің терең қойнауындағы тау жыныстары қабаттарының кенет жарылып, ығысатын жері .............. д.а. (жер сілкіну ошағы);
5) Температурасы жоғары болатын, құрамында әр түрлі тұздар мен газдар кездесетін суларды ........... деп атайды (минералды сулар);
6) Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді ........ д.а. (тау торабы);
7) Екінші тау жасалу қысымына ұшыраған тау жыныстары алғашқы иілгіштіктерін жоғалтып ................. таулар пайда қалыптасады (қатпарлы-жақпарлы таулар);
8) Абсолют биіктігі 200-500 м-ден астам жазықтар (қырат жазықтар д.а. )
9) Өзен, көл, теңіз жағалауындағы жел айдап үйген құм төбелер – (шағылдар)\
10) Жас таулардың биіктігі_____________м-ге жетеді (1000м-ден 2000м )
ІІ топ Сұрақ бәйге
ІІ топ: 1) Маттериктік жер қыртысының қалыңдығы 30-40 км, мұхиттық жер қыртысының қалыңдығы (70-80 км.)
2) Мұхиттың түбінде ұзыннан-ұзақ созылып жататын су асты жоталары. Жеке шыңдары арал түрінде су бетіне шығып тұрады – (мұхит ортасы жоталары)
3) Минералды жыныстардың түрлері 3000 шамасында, тау жыныстарының түрлері (1000-ға тартады)
4) Алматыда 1887 жылы басталған жер сілкінісі (3 жылға созылған).
5) Эльбрус пен Казбек қандай жанартауға жатады (сөнген)
6) Жер бетінің маңайындағы жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан, қатты тілімденген биік бөліктерін (таулар д.а. )
7) Су мен ауаның әсерінен жүретін үгілу түрі (химиялық үгілу д.а.)
8) Орта Сібір, Батыс Аустралия пайда болуына қарай қандай жазыққа жатады: (вулкандық жазық)
9) Бархандардың биіктігі 15-20 м-дей болады, шағын барқандар (жылына 100-200 м-ге жылжиды)
10) Материктік қайраңнан мұхит түбіне ауысатын бөлігін (материктік беткей д.а.)
ІІІ топ Сұрақ бәйге
ІІІ топ 1) Жер қыртысының және мантияның жоғарғы кристалдық тау жыныстарынан тұратын қабаты (Литосфера )