Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет288/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ПЕРКУССИЯСЫ
Қалыпты жағдайда ұйқы безі көкет артында орналасса перкуссия тәсілімен оны анықтау мүмкін емес. Ұйқы безінің сарысуында немесе қатерлі ісігінде үлкейген ұйқы безі үстінен перкуссия жасағанда бәсең тимпанды немесе тұйық дыбыс шығады.
Ұйқы безінің аурулары бар науқастардың қосымша тексеру әдістері.


Лабораториялық тексеру әдістері:
А. Сыртқы секрециясын зерттеу:

  • Ұйқы безінің функциональдық жағдайын зерттеу- ұлтабар зонды арқылы 30 минут бойы «спонтанды» сөлді сорып алады, сосын жылы тұз қышқылының 30 мл енгізеді. Зондты 5 мин қысқышпен қысып қойып, әр 10 минут сайын сөлдің 6 немесе 8 порциясын алады. Секретинді көк тамырға енгізіп болғанда, иньекциядан кейін бірден 10 минут сайын порцияларды сорып алады. 60 минуттан кейін панкреозиминді енгізіп, қайтадан 10 минут сайын тағы да 3 порциясын сорады. Алынған порциялардан сөлдің мөлшерін, түсін, мөлдірлігін, билирубиннің, гидрокарбонат сілтінің концентрациясын және ферменттерінің белсенділігін анықтайды.

  • Вольгемут, Фульда-Гросс, Бонди тәсілі бойынша ұлтабар ішіндегі ферменттерді зерттеу.

  • Қанда және зәрде ұйқы безінің ферменттерін зерттеу.

  • Нәжісті майға, азотқа, бұлшық ет талшықтарына копрологиялық зерттеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет