Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет293/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Бүйрек жеткіліксіздігі – организмнен азотты қалдық өнімдерінің шығарлуының ұсталуымен, су – электролиттер, осматикалық және қышқыл –негіз алмасуының тепе теңдігінің бұзылымен жүретін бүйрек функциясының бұзылысымен жүретін патологиялық процесс. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі – бүйрек тінінің жедел зақымдалуынан болады. Мысалы: шок, уланулар кезінде, инфекциялық аурулар кезінде. Жедел бүйрек жеткіліксіздігінің патогенезінде және жедел уремияда шок жағдайына және соған сәйкес болатын қанайналым көрінісіне мән беріледі. Соның салдарынан бүйректе, бүйрек каналдары мен шумақтарында дистрофиялық өзгерістер жүреді. Егер жедел бүйрек жеткіліксіздігі уланулар кезінде және инфекциялық аурулар салдарынан болса онда бүйрек паренхимасы зақымдалады. Екі жағдайда да бүйректің бүйрек шумақтарында,ы зәрдің сүзілуі бұзылады. Осының салдарынан олигурия кейіннен анурия дамиды. Организмде калий, натрий, фосфор, азотты қалдық өнімдері ұсталып қалады. Жедел бүйрек жеткіліксіздігі жүрек айну, сананың бұлынғырлануынан, тыныс бұзылысынан, жүрек бұзылысынан басталады. Бүйрек шумақтарында ишемия жүру салдарынан артериальді қысым жоғарлайды, ануриядан кейін ісік дамиды. Егер бірнеше тәулік ішінде анурияны және азотемияны жоймаса науқаста өлім дамиды.

Ал созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде – бүйректе қайтымсыз процестер дамиды. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне үдемелі нефросклероз себепші болады. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі ( уремиялық синдромы): қандағы креатинин және мочевина жоғарлауы; анемия; бүйректік АГ; диурез бұзылысы: олигурия, анурияға дейін, никтурия; тер қышуы;қасу іздерінің теріде пайда болуымен; жүрек айну; құсу; ауызынан мочевина иісінің шығуы; комаға дейін алып келетін уремиялық энцефалопатиямен көріністер береді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет