Қиындықпен, ауырсынумен зәр шығару және поллакиурия Қиындықпен зәр шығару спастикалық ауырсынумен жүреді(қуық қабырғасының бұлшық ет қабатының мойын аймағының спазмы нәтижесінде болады). Ол странгурия деп аталады. Поллакиурия – қуықтың шырышты қабатының жүйке талшықтарының шеттен тыс тітіркенуінен болады. Нәтижесінде зәр шығаруға деген жиі сезім пайда болады. Зәр шығарудың ауырсынуы қуықтың қабынуынан және қуықтың және зәр шығару жолдарының тітіркенуінен болады. Сонымен қатар ауырсынудың себебі болып зәр тас аурулары, қуықтағы бөгде заттар, ісіктер, жедел простатит жатады.