Зертханалық зерттеу әдістері Зәрді зертханалық зерттеу бүйрек ауруларын диагностикалауда мағызы зор.
Зәрдің мөлшері Ересек адамдарда тәуліктік зәрдің мөлшері 800 мл – ден 1500 мл дейін. Тәуліктік зәрдің мөлшерінің 500 мл – ден кем және 2000 мл артық болуы патология деп саналады.
Зәрдің жалпы түрі Зәрдің түсі қалыпты жағдайда мөлдір, түсі сабан түсті сары(урохромдардың болуына байланысты). Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінде түсі ақшыл түсті(урохром бөлінбеуіне байланысты). Белоктардың белсенді ыдырауы нәтижесінде (қызба кезінде, гипертиреоз, ауыр инфекция кездерінде, ісіктерді) зәр қара – қоңыр түске ие. Зәрдің түсі онда қанның, гемоглобин, дәрілік заттардың болуынан өзгереді. Зәрдің бұлынғырлануы зәрде көп мөлшерде тұз, лейкоцит, бактерия араласуынан болады.