Тері жамылғысы мен шырышты қабаттардың жағдайы Тері жамылғысының бозғылттығына назар аудару керек. Анемиялық бозару терісі құрғақ, жеңіл сарғаюмен бірақ жасылдау түстес болып келген тері жамылғысы созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне тән. Сонымен қатар созылмалы бүйрек жеткіліксіздігіне терідегі қасу іздері, құрғақ тіл жабындысы тән. Жүйелі аурулар кезіндегі бүйрек ауруларында мысалы жүйелі қызыл жегіде науқастың бетінде көбелек тәрізді симптомдар пайда болады. Шёнляйна—Генох ауруында геморрагиялық бөрітпелер тән. Кейде ішінің асимметриясы (бүйректің үлкен кистасында, гидронефрозда, бүйректің үлкен ісінуінде) және бір жақ бүйрек аймағының тегістелуі (паранефриттте, үлкен паранефральді гематомада) өзгерістер анықталады.
ПАЛЬПАЦИЯ Көп жағдайларда бүйректің пальпациялануы мүмін екендігіне қарамастан, бұл әдіс қолданылады. Бүйректің ұлғаюын анықтау үшін өте маңызды болады. Бүйректің ұлғаюы гидронефроз, киста, ісік нәтижесінде болуы мүмкін. Екі жақ бүйректің ұлғаюы поликистозға күдік тудырады. Сонымен қатар пальпация арқылы нефроптозды анықтауға болады. Пальпациялау арқылы дәрігер бүйректің өлшемін, беткі сипатын, ауырсынуын анықтайды. Арық адамдарда бүйректің пальпациясы қол жетімді. Бүйрек пальпациясы әрқашан науқастың арқасында жатқан , кейде тұрған қалпында жүргізіледі.Науқастың дем алуы барысында дәрігердің қолы терең түрде іш қуысына енеді, бел аймағынан бекітіп ұстап тұрған екінші қолға қарай бағытталады.