Науқастың төсектегі қалпы
Белсенді – көптеген бүйрек ауруларының бастапқы сатысында,әлі де бүйрек функциясы сақталу кезіндегі науқастың төсектегі қалпы. Пассивті – уремиялық кома кезінде. Мәжбүрлі – паранефрит кезінде( науқас аяқ – қолы бүгілген, ауырсынатын жағына жатады)
Ісіктер
Ісіктер – көптеген бүйрек ауруларының тән және маңызды белгілердің бірі( жедел және созылмалы гломерулонефритте, нефротикалық синдромда, бүйрек амилоидозында және т.б. бүйрек ауруларының белгісі). Айқындылығына байланысты: бет ісінуінен бастап анасаркаға дейін және серозды сұйықтықтардың қусытарда жиналуы. Ісінуі бар науқастардың сыртқы келбеті – беті бозарған, ісінген, қабағының ісініп, көзінің тарылуы айқындалады. Бүйрек аурулары кезіндегі ісінуді жүрек аурулары кезіндегі ісінулерден, алиментарлы ісінуден, эндокринді аурулар кезіндегі ісінуден, зат – электролиттер алмасуы кезіндегі ісінулерден ажырата білу керек. Осыдай жасырын ісіктерді анықтау үшін дене массасының өзгерісін және диурездің өзгерісін бақылауға алу керек. Ол үшін Олдрич сынамасын жүргізеді. 0,2 мл натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісін тері ішіне енгізеді. Ісіну болса сіңу тез жүреді, 40 мин дейін. Бүйрек ісінуі тез дамиды, ал жүрек аурулары кезіндегі ісінулер баяу жүреді. Бүйрек аурулары кезіндегі ісінулер сулы, жұмсақ, қозғалмалы, жүрек тығыз және аз қозғалмалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |