Ішкі аурулар пропедевтикасы қызылорда 2019 жыл



бет80/359
Дата07.02.2022
өлшемі20,68 Mb.
#92805
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   359
Байланысты:
5e7c85970f929 1585218967

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Зерттеу алдында науқасқа жүргізілетін іс-шараның мақсатын түсіндіріңіз.

  2. Науқасқа 3 күн бұрын құрамында темірі бар тағамды жемеу керектігін айтыңыз: ет, балық, жасыл көкөністердің барлық түрі; нәжістің түрін өзгертетін және ішектің перистальтикасын күшейтетін дәрілік препараттар қолданылмайды. Зерттеуге нәжіс 4-ші күні алынады.

  3. Науқасқа нәжісті зерттеу жүргізілетін күні таңертең алу керектігін түсіндіріңіз.

  4. Науқасқа нәжісті жинау техникасын үйретіңіз:

  • науқас нәжіс жинау кезінде қолғап киюі керек;

  • судноға ішекті босатқаннан кейін науқас қалақшамен нәжістің әр жерінен 5-10г көлемінде алып, әзірленген ыдысқа салып қақпағын жабады.

  1. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып кептіруі керек.

  2. Нәжісі бар ыдысты жолдамамен бірге клиникалық зерханаға жеткізіңіз.

Ескерту!

  • нәжісті зерттеуге тазалау клизмасынан кейін, балауыз қолданғаннан кейін немесе іш өткізетін препараттардан кейін алуға болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   359




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет