Мақсаты: қақырықты 3-5 мл көлемінде таза шыны ыдысқы жинап, 1 сағат ішінде зертханаға жеткізу керек.
Көрсетпе: дәрігердің нұсқауы .
Қарсы көрсетпе: пациентті зерттеу барысында анықталады.
Жабдықтау: 1. қақпағы бар зарарсыздандырылған ыдыс(қақпағы бар ыдыс немесе Петри ыдысы)
2. бактериологиялық зертханаға жолдама.
3. дәріханалық резеңке
4. қолғап
Осы іс-әрекетке байланысты дамитын проблемалар: 1. психологиялық (құсық рефлексінің жоғарлауы және осы манипуляцияға жеркеншектік сезімінің болуы).
2. жөтелгенде қиналу.
Қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мейірбикенің іс-әрекеті: 1.пациентті жүргізілетін манипуляция туралы хабардар ету және өту
барысын түсіндіру.
2.бактериологиялық зертханадан зарарсыздандырылған ыдысты алыңыз.
3.таңертең аш қарынға пациентті тісін жуып және ауызын қайнаған сумен
немесе 0,02% фурациллин ерітіндісімен шаюын сұраңыз.
4. жолдама жазыңыз.
5. қолғап киіңіз.
6. абайлап зарарсыздандырылған ыдыстың қақпағын ашыңыз.
7.пациентті 2-3 рет терең тыныс алып, жөтеліп, мына шыны ыдысқа
шеттеріне тигізбей 2-3 рет түкіруін сұраңыз.
8. ыдысқа қақпағын абайлап жабыңыз.
9. жолдама жазып, оны ыдысқа дәріханалық резеңке арқылы бекітіңіз.
10.жиналған материалды бактериологиялық зертханаға апарып, қолыңызды жуыңыз.
11.зерттеу мәліметтерін ауру тарихына жапсырыңыз.
Ескерту: 1. пациент және оның туыстарын қақырық жинау ережесіне үйрету және іс-әрекеттің жасау ретін көрсетуін сұраңыз.
2.қақырықты зетханаға бірден жеткізу керек немесе алғашқы 2 сағатта тоңазытқышта +4◦ температурасында сақтау керектігін ұмытпаған жөн.