СТАНДАРТ Қақырықты туберкулез таяқшаларына зерттеуге алу. Мақсаты: туберкулез микобактерияларын анықтау, науқасты өздігінен қақырық жинауға үйрету.
Қолданылуы:тыныс алу мүшелерінің аурулары.
Әзірле: стерильді құрғақ түкіргіш немесе таза құрғақ мойны жуан қақпағы мықтап жабылатын шыны банка, бикс, қайнаған (суыған) суы бар ыдыс, салфетка, жолдама, қаламсап, стеклограф, қолғап, бетперде дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, КҚЖҚ.
Іс-әрекет алгоритмі: Қақырықты зерттеу жүргізілетін күні таңертең ашқарынға жинаңыз.
Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.
Бактериологиялық зертханаға жолдама толтырыңыз.
Қолды гигиеналық деңгейде жуып, қолғап, бетперде киіңіз.
Науқасқа жүргізілетін іс - шараның мақсатын түсіндіріңіз.
Қақырық жинау ережесі жөнінде мағлұмат беріңіз.
Науқасқа қақырықты түкіргенде емес, жөтелгенде тастауын және қолмен немесе аузымен ыдысқа тимеуін ескертіңіз.
Науқастан сұраңыз:
- Қақырық жинаудан 2 сағат бұрын тісін тазалауын;
- Ауыз қуысын және жұтқыншағын суыған қайнаған сумен шаюын;
- Тұруын немесе тік отыруын;
- Түкіргіш қақпағын ашуын;
- Аузын орамалмен жауып, 3 рет терең дем алуын, 3-ші дем шығаруы кезінде қатты жөтеліп қақырық бөлуін, бұл кезде науқас түкіргішті астыңғы ерін тұсында ұстап, шеттеріне тигізбей қақырық тастауын.
9.Түкіргіштің қақпағын мықтап жабыңыз.
10.Түкіргіштің сыртқы бетін дезинфекциялық ерітіндісіне малынған салфеткамен сүртіңіз.
11.Түкіргішті металл бикске ораңыз.
12. Қақырықты бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.
13. Бетперде, қолғапты шешіп, КҚЖҚ-қа салыңыз.
14. Қолды жуып кептіріңіз.
Ескерту!